Наурыз тойын тойлады
Әйтеке би кентіндегі «Нұрай» жеке балабақшасында Наурыз тойы ерекше аталып өтті. Күн мен түн теңелетін көктемнің шуақты мерекесіне «Айзере» тобының балғындары айрықша әзірленген.
Мерекелік шара ұлттық салт-дәстүрлер бойынша көріністер негізінде ұйымдастырылды. Ата-әжелер «баланы бесікке салу», «тұсаукесер», «айтыс» дәстүрлерін көрсетіп, мерекенің шырайын келтірді. Тілдері бал бүлдіршіндер тақпақ айтып, ән салды, би биледі. Ханталапай, арқан тартыс сынды ұлттық ойындарды ойнады. Әжелер немерелеріне Наурыз көженің мән-мағынасын түсіндірді. Ақ дастархан басына жиналған балдырғандар ұлттық тағамдардан дәм татты. Осылайша бірлік пен ынтымақ мерекесін балабақша тәрбиеленушілері көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды.
Жалпы, «Нұрай» жеке балабақшасында баланың тиісті тәлім алуына барлық жағдай жасалған. Балабақшада барлық жұмыс түрлері жоғары деңгейде ұйымдастырылады. Ұжымда өте білікті, білімді мамандар жұмыс жасайды. Немерем Кәмшат балабақшаға қуанып әрі асығып барады. Күнде жаңа дүниені үйреніп келеді. Сондықтан, балабақша ұжымына, өзінің міндетіне адал қарайтын жас мамандарға өте ризамын.
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында балабақша құрылтайшысы Лаура Бакешоваға, әдіскер Ақтоты Жақсылыққызына, тәрбиешілер Гүлсім Алмасқызы мен Гүлсана Әміржанқызына, тәрбиеші көмекшісі Айнұр Есетқызына «Айзере» тобының ата-аналары атынан шынайы алғысымды білдіремін. Тәрбиелеп отырған бүлдіршіндер әр кезде биіктерден көрініп, шығармашылық табыстарыңыз молайа берсін. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз.

Қанағат ПІРІМБЕТОВА,
ата-ана