Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әз Наурыз құтты болсын!

Әз Наурыз құтты болсын!

Құрметті жерлестер!Баршаңызды бүкіл Шығыс халқына ортақ мейрам, ғасырлар қойнауынан бастау алып, ата дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – жыл басы, күн мен түннің теңеліп, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мерекесі.
Наурыз – жаңарған қазақ елінің кешегісі мен бүгінін, ертеңі мен болашағын жалғастыратын, жаңа бастамалар мен ізденістерге тың қадам жасайтын, жақсылыққа ұмтылатын ерекше мереке.
Әз халқымыз бұл мерекені қашанда көтеріңкі көңілмен, кең пейілмен ерекше қарсы алады. Ынтымағы жарасқан аудан жұртшылығы да жыл басы – Наурыз мейрамына мол табысы пен шабытты көңіл-күйде жетіп отыр.
Ардақты ағайын!
Ұлтымыздың Ұлы мейрамы – Наурыз мерекесі ел тарихының айнымас бір бөлшегі, мәдениетіміз бен дәстүріміздің киелі бастауы екендігі баршамызға аян.
Ұлыстың Ұлы күні шаңырақтарыңызға қуаныш-шаттығымен, бақ-берекесімен, ырыс-несібесімен келсін.
Айналамыз аман, төңірегіміз түгел, бауырымыз бүтін болғай!
Әр шаңыраққа Қызыр дарып, Бақ қонсын!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Ізгі ниетпен, Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев
20 наурыз 2023 ж. 1 365 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 132

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031