Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар Ұлыстың ұлы күнін атап өтіп жатыр

Қазақстандықтар Ұлыстың ұлы күнін атап өтіп жатыр

Биыл Наурыз мейрамында қазақстандықтар бірден бес күн демалады – 19, 20, 21, 22 және 23 наурыз. Қазақстанда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы басталды. Соңғы екі жыл бойы "көктемгі жаңару" мерекесі пандемия жағдайында аталып өткен еді. Ал биыл әр өңір өз жоспарын әзірледі – халықты Наурыз мейрамына орай концерттер, спектакльдер мен мерекелік шаралар күтіп тұр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Наурыз мейрамы – Орталық Азия халықтарының Жаңа жылы. Бұл мерекенің сан ғасырлық тарихы бар.
Наурызда күн мен түн теңеліп, тіршілік атаулы табиғатпен бірге оянады, жер мен көк жаңарады. Парсыша "наурыз" бірінші айдың бірінші күні деген мағынаны білдіреді. Бұл айды соғдалықтар "наусарыз", хорезмдіктер "наусарджи", армяндар "навасарди", чуваштар "норас-ойахе" деп атаған.
Кеңес заманында Наурыз мейрамын тойлауға тыйым салынды. Ұлыстың ұлы күні тек 1990 жылдардың басында қайтадан жаңғырды. 2010 жылдан бері Наурыз мейрамы Қазақстанда үш күн – 21, 22, 23 наурыз тойланады. Біріккен ұлттар ұйымы Бас ассамблеясының қарарымен 2010 жылы Наурыз халықаралық мейрам мәртебесіне ие болды.
Қазақстанның батысында Наурыз мерекесі 14 наурыздан басталады және "Амал" немесе "Көрісу" деп аталады. Халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен төс қағыстырып, құшақтасып амандасады. Жақсы тілектер айтып, жастар жағы үлкендерге сәлем бере барып, батасын алады.
21 наурыз 2022 ж. 373 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930