Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шаттыққа толы шаңырақ

Шаттыққа толы шаңырақ

Ең жақсы адам – жүрегінің тазалығымен, көңілінің кіршіксіз ақтығымен, ар-намысының асқақтығымен өлшенеді. Тіршіліктің тынымсыз иірімінен адамдық пен надандықтың ара-жігін ажырату кейде қиынға соғады. Жолыңда кездескен адамның саған ізгілік ұялатып, жаныңа үміт сәулесін шаша білуі – тағдырдың сыйы.
Білім тұңғиығына терең бойлай білген адамдар әдетте томаға тұйық, тіршілікпен көп әуресі болмайтыны белгілі дүние. Олардың өзіндік пайымдары адамдармен үйлеспеуі мүмкін. Дегенмен менің әңгімеме өзек болғалы отырған жанашыр ағам, білікті ұстаз Жақсылық Тасмамбетов – адамгершілік тұлғасы мен азаматтық болмысы үйлескен адам. Білім бәйгесінде өзіндік еншісін ала білген ағамның әрдайым отбасындағы жылулығы, берекесі адам қызығатындай қуанышқа толы еді. Ағам мен Ақиіс тәтемнің шаңырағының жайлылығы сонша Ақтөбеге оқуға түскен адамның бәріне есігі ашық болатын, жылы қабақ танытатын сондай көпшіл жандар еді. Ғылым саласындағы адамның болмысы әрдайым жұмбақ болатын. Студент көкейінде: “осы кісі үйінде қандай екен?”,– деген сауал туары заңдылық. Мен сол ғылым адамының отбасындағы татулығы мен жарасымды тұрмыс көрінісін көзіммен көріп, көп нәрсеге көз жеткізе білдім. Ағам Жақсылық пен тәтем Ақиіс 3 қыз, 1 ұл өсірді.
Шаңырағында қазақылықтың иісі кетпеген отбасында барлығы қазақша сөйлесетін. Үйдегі балалардың тәрбиесін “ілтипатпен сәлемдескенінен” аңғара білетін еді. Оқыған, көзі ашық жандар бала тәрбиесінде асқан көрегенділік танытатын.Жіберген қателіктеріне сабырмен тіл қатып, барлық махаббатын балалардан ешқашан сөндірген емес. Үйіне барған біздерге әрдайым жайдары қалпымен, жайнаған дастарханымен қарсы алатын. Әрбір бұйымтайы бар жандардың көңілін қалдырмай, барынша амалын тауып, көмегін көрсете білетін. “Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын” демей ме дана халқымыз. Жақсылық ағам мен Ақиіс тәтем де кісіге көп мейірім көрсеткен, қамқор жандар еді. Ақиіс тәтемнің берекелі дастарханынан әрдайым ыстық бауырсағы, тәтті дәмдісі үзілмеген. Ағамның үйінде қонақ арылмайтын. Жайылған дастарханда тек жақсылық жаршысы болған жандар мен келелі мәселелер қозғалатын, ақжарма тілектер айтылатын. Сол тілекті періштелер қабыл еткендей, ағам мен тәтемнің ізгілігі, жақсы аты бүгін көптің көкейінде.
Отбасы – шағын мемлекет. Отбасының жылулығы берік һәм берекелі болса, сонда өскен жандар да өмірдің жетістігіне жете біледі. Ағамның білім жолындағы сәтті қадамдары осы үйдегі тәтемнің ақ адал ниеті, отбасындағы бірліктің, ынтымақтың арқасы. Жастық шағымда үлгілі отбасын көзіммен көру, олардың тәлімін алу – менің бағыма жазылған керемет көрініс дер едім.

Патшагүл ҚАЛМҰРЗА,
№97 орта мектептің орыс тілі пәні мұғалімі
18 наурыз 2023 ж. 450 0

«Жыл адамы» анықталды

02 қаңтар 2025 ж. 50

Тағы да жер сілкінісі

02 қаңтар 2025 ж. 40

Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл!

01 қаңтар 2025 ж. 91

Жылан жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2024 ж. 109

Ақ шана

31 желтоқсан 2024 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031