Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қай елдерде жағажайда "будақтатуға" тыйым салынған

Қай елдерде жағажайда "будақтатуға" тыйым салынған

Көптеген елдерде қатаң антитабак заңдары қабылданған, олардың арасында туристер жиі баратын демалыс орындары бар. Негізінен мұндай шешім азаматтар үшін салауатты ортаны қалыптастыру, қалдықтар мөлшерін азайту және қоршаған ортаны таза ұстау мақсатында қабылданады, - деп хабарлайды tengritravel.kz.
Осындай қатаң заңды енгізген елдердің бірі - теңіз курорттарымен танымал Мексика. Биыл 15 қаңтарда Мехико билігі барлық қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салды. Бұрындары бұл заң қонақүйлер, саябақтар, автобус аялдамалары мен жағажайларды айналып өтетін. Ендігіде осы тектес локацияларда шылым шеккен адамға 50-ден 300 долларға дейін айыппұл салынады. Егер шылымқор темекісін өшіргісі келмей, айыппұл төлеуден жалтарса, онда ол 36 сағатқа қамалуы мүмкін.
Мексикалық қонақүйлер, бар және мейрамханалардың әкімшілері өз клиенттеріне ғимарат аумағында темекі шегуге рұқсат беретін болса, онда оларға 46 мың доллар көлемінде айыппұл салынады. Сондай-ақ вейп және электрон темекі шегу ережелері де өзгерген. Енді Мексика жерінде кез келген қоғамдық орындарда оларды сатуға да қолдануға да болмайды.
Біртіндеп туристер жиі баратын елдерде темекі шегуге тыйым салу үрдісі байқалады. Қазірдің өзінде Таиландтың жағалау маңындағы демалыс орындарында және Испанияның бірнеше жағажайында "түтіндетуге" тыйым салынған. Испания Сенаты 2021 жылы 23 желтоқсанда жағажайда темекі шегуге тыйым салатын жаңа заң қабылдап, муниципалитеттерге жағажайларда темекі шегуге тыйым салу құқығын берді. Оны орындамағандарға 2 мың еуроға (1 миллион теңге шамасында) дейін айыппұл салынады.
Барселонаның барлық 10 жағажайында жыл бойы шылым шегуге тыйым салынды. Ал Тенерифе аралының жағажайында темекі шегу "қымбатқа түсуі" мүмкін. Канар аралдарының Санта-Крус курортында мүлде темекі шегуге болмайды. Жергілікті жағажайда темекі шегіп, тұқылын топыраққа тастағаны үшін 2 000 еуро айыппұл қарастырылған.
Әлемде қаншама адам темекі шегеді?
Тек Испанияда ғана емес, барлық еуропалық елдерде осындай заңдар пайда болуы мүмкін. Еуропалық комиссия мәліметінше, темекі тұқылы Жерорта теңізінің батыс бөлігіндегі ең көп таралған қоқыс болып саналады екен, ал оның ыдырауына кемінде 10 жылдан аса уақыт керек. Болашақта Италия билігі жағажайда, саябақта және мейрамхана террассасында темекі шегуге тыйым салмақ. Қазіргі уақытта талқыланып жатқан заң жобасы аясында вейп немесе темекі қыздыру жүйелерін қолдану заңбұзушылық ретінде есептелінуі мүмкін.
Қоғамдық жерлерде (әзірге жабық орындарда) темекі шегуге Грекияда, Болгарияда, Ирландияда, Мажарстанда және Мальтада тыйым салынған. Жаңа Зеландияда 2022 жылдың соңында үкімет 14-ке толмаған балаларға темекі сатуға тыйым салды. Ал АҚШ-тың кейбір штаттарында, Майами-Бич сынды танымал жағажайында текмекі шеккен адам абақтыға қамалуы мүмкін. Заң бойынша, бірінші рет заң бұзған адамға 100 доллар айыппұл салынады не 60 тәулікке қамайды.
Айта кетейік, біздің елде де қоғамдық орындарда темекі шегуге болмайды. Қазақстанның Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің (2014 жылғы 5 шілдеде) 441-бабы бойынша ҚР заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынғаны үшін 15 АЕК (51 750 теңге) айыппұл салынады.
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 159-бабының 5-бөлігіне сәйкес темекі өнімдеріне тыйым салынған орындар:
- білім беру ұйымдарында, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамдардың демалуына арналған ұйымдарда;
- денсаулық сақтау ұйымдарында;
- қоғамдық тамақтану орындарында;
- кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерт, көру және көрме залдарында, спорт ареналарында және көпшіліктің демалуына арналған басқа да жабық ғимараттарда, соның ішінде түнгі клубтарда, дискотекаларда;
- мұражайларда, кітапханаларда және лекторийлерде;
- поездар мен теңіз және өзен көлігі кемелерінде белгіленбеген жерлерде;
- әуе кемесінің бортында, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автобустар, шағын автобустар, троллейбустар, таксилер және қалалық рельстік көлік салондарында;
- әуежайлардың, темір жол, автомобиль және су вокзалдарының ғимараттарында;
- мемлекеттік органдар мен ұйымдарда;
- жұмыс орындары болып табылатын үй-жайларда;
- үйлердің кіреберістерінде тыйым салынады.
16 наурыз 2023 ж. 229 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 58

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 51

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930