Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде ресейдің қанша азаматы жүр?

Елімізде ресейдің қанша азаматы жүр?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова елімізде заңды түрде жұмыс істеп жүрген ресейліктердің санын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда 22 мыңнан аса ресейлік міндетті зейнетақы жарнасын аударып жүр. Олар жергілікті атқарушы органдардан еңбек етуге рұқсат алған, - деді Тамара Дүйсенова Үкіметтің жалпы отырысынан соң.
Министрдің сөзінше, отандық және шетелдік компанияларда 14 мыңнан аса шетел азаматы еңбек етіп жүр.

Оларға Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілген, міндетті зейнетақы жарналары да аударылады, - деді Әлеуметтік қорғау министрі.
Осы күзде Дүйсенова Ресейден келген азаматтардың еңбек нарығына айтарлықтай әсерін тигізбейтінін айтқан еді.

Еске салсақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов қазір елімізде 298 мыңға жуық Ресей азаматы бар екені туралы мәлімет берген еді.

Оның мәліметінше, ішінара жұмылдыру жарияланғаннан бері Қазақстанға 837 мың адам келіп, 780 мың адам кеткен.

Бүгінгі таңда елімізде түрлі себептермен 298 мыңға жуық ресейлік жүр. Оның ішінде 30 мың адам келісімшартқа сәйкес жұмыс істейді, соның негізінде уақытша тұруға тіркелген. Қазақстанда 20 мыңға жуық студент оқиды, - деп атап өтті Ілияс Испанов.
27 желтоқсан 2022 ж. 364 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930