Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Менің арманым

Менің арманым

Орыстың атақты жазушысы Василий Шукшин айтқан екен:
– Өмір үш раундты күрес, соның екеуінде жеңуге тиістісің! – деп. Жеңу ол – еңбек. Талант дегеніміз 99 процент еңбек, ал қалған 1 проценті дарын екен. Мықты ақын Фәриза айтқандай: – Жаза бер, күні-түні жаз, сонда ғана қаламың ұшталып, шеберлікке шыңдаласың, – деген.
Ең алдымен денсаулық болсын. Жаның ауырып тұрғанда, ненің жұмысы? Қазақтар істен гөрі мақтанға бейім. Медицинасы, не өнеркәсібі өспей қалған елді қазақтан көрдім.
Көрші өзбектер не нәрсені қолына алса да, дөңгелетіп жібереді. Қазақ емделу үшін ақшасын Ташкентке апарып төгіп, үйін өзбектерге салдырып жатыр. Өнерді өзбектен үйренген абзал. Басты қасиеттері – жанкешті еңбек ету.
Менің арманым – еңбек етіп, кәсібилік деңгейімді көтеру. «Білімді Қытайда болса да ал», – деген сөз бар. Жас кезде қайдан болса да, білім алған жөн. Жазам деген адам басқа тілде оқып жаза алса, көкжиегі кеңейеді, бір мақсатым – орыс тілі мен ағылшын тілін жақсы білсем, шетелдерде болсам, жазуым жетіле түсер еді.
Заманымыздың заңғар жазушысы Ғабит Мүсірепов айтқан екен:
– Атың барда жер таны, желіп жүріп, асың барда ел таңы, беріп жүріп» деп. Адамзатты жазу үшін, көргенің көп болғанға не жетсін!
Тағдыр мені қайда жүрсем де тәуір адамдарға жолықтыр. Вампир адамдардан аулақ. Олармен бір ұжымда істесең, қаның қарайып, жүйкең жұқарады. Жұмыс істеу қабілетің төмендейді. Ал жақсылар ше? Олар күн сияқты, нұрлы, шуақты болады. Содан да халық «Жақсымен өткен бір күнің, жаманның өтіп кеткен өміріндей», – дейді.
Лайым өмір жолымда тек жақсы адамдар кездессе екен. Менің арман-мақсатым көп.
О, өмірім, не берсең де арнап бер,
Алтын балық ілінетін қармақ бер.
Бақыт бер де, сол бармақтай бақытты,
Ұстап тұрар, құдіретті, салмақ бер!
Гүлханым ТАЛҒАТ,
Халел Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік университетінің студенті
07 наурыз 2023 ж. 566 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031