Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алғыс айту – адамдықтың нышаны

Алғыс айту – адамдықтың нышаны

1 наурызда еліміз алғыс айту күнін атап өтеді. Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де қонақжай қазақ халқына алғыс айтады.
Айтулы күн жақсылықты бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Кең пейілді қазақ халқы қашанда әрбір игі іске ризашылығын білдіріп, алғыс айтып отырған. Осындай құндылықтардың қадіріне жете білген елдің қашанда келешегі кемел болары анық.
Осы орайда, N21 “Алпамыс” бөбекжай-балабақшасында көптеген іс-шаралар қолға алып келеді. Соның бірі - жуырда мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында барлық топ балалары белсенділік байқалтқан қабырға безендіру шарасы болды. Онда балалардың әсемдеп салған суреттері балабақшаның әр бұрышына қойылып, сурет бетіне осында келген ата-аналардың ыстық ықыласы мен жылы лебіздерін жабыстырды.
Бөбекжай-балабақшаның табалдырыққа таяған мереке қарсаңында өтер басқа да ауқымды жобалары жоспарланып отыр. Онда бөбектер ән салып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салатын болады.

С. ӘЛИҰЛЫ
28 ақпан 2023 ж. 611 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 141

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 135

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031