Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан ТМД-да такси бағасы ең қымбат елдердің қатарында

Қазақстан ТМД-да такси бағасы ең қымбат елдердің қатарында

Қазақстанда такси қызметі бір жыл ішінде 12 пайызға қымбаттады деп хабарлайды.stan.kz
Energyprom.kz порталының мәліметінше, өңірлер арасында Атырау облысында такси бағасы қымбаттаған. Өңірде қызмет құны 1 жыл ішінде 37,5 пайызға қымбаттап отыр. Одан кейінгі орындарда Жетісу (33 пайыз) мен Абай облыстары (31,2 пайыз) тұр.
Ал Ақмола облысында такси қызметі жыл ішінде не бәрі 0,5 пайызға көтерілсе, Қарағанды, Түркістан және Ұлытау облыстарында баға бір жыл бұрынғы деңгейде.
ТМД елдері арасында такси қызметі ең арзан елдердің ондығына Армения мен Өзбекстан (0,26 доллардан), Украина, Молдова және Ресей (0,27) кіреді.
Ал такси қызметі қымбат елдердің қатарында Қазақстан (0,44 доллар) мен Әзербайжан (0,59) бар.
Ең қымбат такси қызметі мына елдерде тіркелген: Швейцария (4,25 доллар), Кувейт (3,27) және Ямайка (3,26).
Өткен жылдың қаңтар-желтоқсанында елімізде такси қызметін көрсететін компаниялардың табысы құндық мәнде жыл ішінде 16 пайызға артып, 5 миллиард теңгеге дейін жетті. Ал такси қызметін 2,4 миллиард жолаушы қолданды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 1,2 пайызға аз.
20 ақпан 2023 ж. 443 0

Қауіпсіздік – басты назарда

03 қыркүйек 2025 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930