Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан ТМД-да такси бағасы ең қымбат елдердің қатарында

Қазақстан ТМД-да такси бағасы ең қымбат елдердің қатарында

Қазақстанда такси қызметі бір жыл ішінде 12 пайызға қымбаттады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Energyprom.kz порталының мәліметінше, өңірлер арасында Атырау облысында такси бағасы қымбаттаған. Өңірде қызмет құны 1 жыл ішінде 37,5 пайызға қымбаттап отыр. Одан кейінгі орындарда Жетісу (33 пайыз) мен Абай облыстары (31,2 пайыз) тұр.

Ал Ақмола облысында такси қызметі жыл ішінде не бәрі 0,5 пайызға көтерілсе, Қарағанды, Түркістан және Ұлытау облыстарында баға бір жыл бұрынғы деңгейде.

ТМД елдері арасында такси қызметі ең арзан елдердің ондығына Армения мен Өзбекстан (0,26 доллардан), Украина, Молдова және Ресей (0,27) кіреді.

Ал такси қызметі қымбат елдердің қатарында Қазақстан (0,44 доллар) мен Әзербайжан (0,59) бар.

Ең қымбат такси қызметі мына елдерде тіркелген: Швейцария (4,25 доллар), Кувейт (3,27) және Ямайка (3,26).

Айта кетерлігі, өткен жылдың қаңтар-желтоқсанында елімізде такси қызметін көрсететін компаниялардың табысы құндық мәнде жыл ішінде 16 пайызға артып, 5 миллиард теңгеге дейін жетті. Ал такси қызметін 2,4 миллиард жолаушы қолданды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 1,2 пайызға аз.
20 ақпан 2023 ж. 491 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930