Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «7-20-25» бағдарламасына байланысты «Нұрлы жерге» өзгеріс енгізілді

«7-20-25» бағдарламасына байланысты «Нұрлы жерге» өзгеріс енгізілді

Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауына байланысты өзі жетекшілік ететін министрліктің жұмысын баяндаған Жеңіс Қасымбек тұрғын үй өзекті мәселе ретінде күн тәртібінен түспейтінін атап өтті. «Былтыр «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асырудың нәтижесінде 100 мыңнан астам отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді.

2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 11 миллион шаршы метрден асты. Яғни, 2016 жылға қарағанда бұл көрсеткіш 6,2 пайызға жоғары. Естеріңізде болса, бұрын КСРО кезінде «Тұрғын-үй - 91» деген бағдарлама болған. Сол кезде Қазақстанда жылына 6,5 миллион шаршы метр тұрғын үй іске қосылатын. Өткен жылда 11 млн-нан астам шаршы метр тұрғын үймен 100 мыңнан астам отбасыны баспанамен қамтуға қол жеткіздік. Бұл тұрғын үй құрылысын іске асырған жылдардағы ең жоғарғы көрсеткіш», - деді Жеңіс Қасымбек.

Министр өз сөзінде құрылыс жүргізудің жаңа әдістерін жүзеге асыру, жобалауды тиімді түрде қарастыру жұмысы басталып кеткенін атап өтті. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген тапсырмаларға сәйкес, үй құрылысын жүргізудің жаңа стандарттарын енгізу жүктелген. Қазіргі таңда министрлік еурокодтарды енгізу жұмысын қызу жүргізуде.

«Мемлекет басшысының жариялаған «Бес әлеуметтік бастамасына» сай, біз осы айда «Нұрлы жер» бағдарламасына «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасын есепке ала отырып, өзгеріс енгізуді көздеп отырмыз. Қысқаша айтар болсам, жаңа бағдарлама аясында несие бойынша сыйақының ставкасы жылына 7 пайызға дейін төмендеп, алғашқы салым 20 пайыздан аспай, ал ай сайын үй төлемін өтеуді жеңілдету үшін несиенің мерзімі 25 жылға дейін ұзартылатын болады.

Бұл механизм арқылы әрбір жұмыс істейтін адам несиеге пәтер ала алады. Қазақстандықтардың көбінің тиімді шарттар арқылы баспана сатып алуға мүмкіндігі болады. Биылғы жылдың екінші жартысында барлық санаттағы азаматтар үшін алғашқы арзан ипотека беріледі», - деді Жеңіс Қасымбек.
05 сәуір 2018 ж. 1 354 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031