Жұмыссыздық жайы талқыланды

Аппарат мәжілісінің күн тәртібінде жұмыспен қамту саласында индикаторлық көрсеткіштердің 2023 жылға арналған жоспары және қаржыны мақсатты игеру бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы талқылау болатыны көрсетілген. Соған сай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы С.Бабанаев хабарлама жасады. Оның айтуынша, өткен жылы аудан бойынша 3157 жаңа жұмыс орны ашылса, биылғы 4169 азаматты тірлікке тарту жоспарланған. Бұдан кейін аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ә.Әбиев қаржы саласындағы игеру жайын баяндады.
Мәжілісте қаралған мәселелер бойынша аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы тиісті сала басшылары мен кент, қала, ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырма берді.
– Ең алдымен оқу курстарын аяқтаған үміткерлерге грант пен несие беру жұмысын жандандыруымыз керек. Кәсібін бастаған адам оны жетілдіруді, ауқымын кеңейтуді ойлайды. Бұл қосымша жұмыс орнының көбейуіне, бюджеттің ұлғаюына тікелей әсер ететінін білесіздер. Бұдан бөлек мемлекеттік қолдаулар жөнінде халыққа түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу және бюджеттен бөлінген қаржыны заңдылықтарға сәйкес дер кезінде, тиісті мақсатта игеруді тапсырамын, – деді Мұхтар Әуесұлы.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ