Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуелділіктен төнер қауіп көп

Тәуелділіктен төнер қауіп көп

Жаңа күнді интернетке кіруден бастайтындар қатары күн санап артып келеді. Қазір көпшілігімізге ортақ бір қасиет бар, ол – көзімізді ашқаннан аядай телефонға үңіліп, бас алмайтындығымыз. Күндіз-түні жанымыздан бір елі тастамайтын телефон арқылы әлеуметтік желіге кіру біреулер үшін әдетке айналса, келесілер үшін қажеттілік.
Елімізде интернет пайдаланушылардың саны 12 миллионнан асып жығылыпты. Бұл халықтың 70 проценті деген сөз. Осыдан бес-алты жыл бұрын ғаламторда жастар көбіне ресейлік Мой мир желісін пайдаланса, кейіннен Фейсбук, ВКонтакте, Инстаграм, WhatsApp, Скайп секілді қосымшаларды пайдалана бастады. Қазір ұялы телефонға еңбектеген балаға дейін үйір. Ең қорқыныштысы, адам интернетке деген құмарлықтан өз-өзін жоғалтады. Психикасы, дүниеге деген көзқарасы өзгере бастайды. Ең жаманы, шын өмірді тастап, әлуметтік желіге толықтай кіріп кетеді.
Бүгінде ғаламторға тәуелділік әлемдегі ең басты мәселелердің біріне айналды. Бірақ бұл медициналық белгілер бойынша жүйке жүйесінің бұзылуына жатпайтын көрінеді. Деректерде ең алғаш рет «ғаламторға тәуелділік» терминін психолог Айвен Голдберг ғылымға енгізгендігі жазылады. Ол ғаламтордың әкелер зиянын былайша жіктеген. Ғаламторды қолдану адамды стресске түсіреді немесе дистресс. Оның айтуынша, ғаламторды қолдану адамның физикалық күйіне, жүйке жүйесіне, жеке өміріне, экономикалық және әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізеді. 1994 жылы психолог Кимберли Янг ғаламтор тәуелділігі жөнінде тест-сауалнама жүргізіп, 500 жауап алған. Жауап бергендердің көбі тәуелді екендерін мойындаған. Нәтижесінде, бұл жүйке ауруының таралуы, потологиялық құмарлықпен тең болып шықты.
Ал дәрігерлер ғаламторға тәуелділікті жүйкелік ауытқу деп есептемейді. Көптеген ғалымдар бұл аурудың бар екендігіне күмәнданады, кейбіреулері тіптен жоққа шығарған. Тәуелділік медицинада адамның белгілі бір әдетте қолданып жүрген затты қажет етуі, яғни жүйкелік, физиологиялық толеранттылықтың өсуі. Толеранттылық ұғымы белгілі бір затты шектен тыс пайдалану дегенді білдіреді. Яғни адам ол затты пайдаланғаннан кейін одан да көп мөлшерін қажет ете бастайды. Бұған нашақор адамдарды мысалға келтіруге болады. Сонымен қатар толеранттылық ұғымы басқа салаларда да айтылады, мәселен, адамның құмар ойынға беріліп кетуі. Бұл терминді ғаламторға деген тәуелділікте де қолдануға болады. Бірақ бұл жерде адам есірткіге, ішімдікке тәуелді емес, бұнда жүйкелік түрде адамның ғаламторға тәуелділігін түсіндіруге тура келеді. Әртүрлі зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, қазіргі кезде ғаламтор қолданушыларының 10 проценті оған тәуелді. Қазақстанда ғаламторға тәуелділікті ресми түрде мойындамағанымен, кейбір елдерде бұл ресми түрде ауру болып саналады. Мәселен, Финляндияда ғаламторға тәуелді жас адамдарды әскерге жібереді екен. 2008 жылы Қытай ғаламторға тәуелділікті ресми түрде ауру деп жариялаған. Неше түрлі емдеу орталықтарын ашып, көптеген әдістерді қолданған. Соның бірі тоқ беру арқылы емдеу. Ал кейбір әдістерінен жас пациенттер өліп те кеткен.
Шетелдік психолог М.Дрептің көзқарасы бойынша, тәуелділіктің мынадай түрлері бар. Әртүрлі вебсайттарды қолдану, яғни ғаламтордан ақпараттар іздеу, вирттуалды әлемдегі достарымен сөйлесу, компьютерлік ойындарға тәуелділік, ғаламторда ақша құрту, табу, желі арқылы құмар ойындарын ойнау, интернетте сауда жасау, фильмдер қарау. Тәуелділікті жеңудің ең қарапайым, әрі қолжетімді жолы – басқа нәрсеге алаңдау. Салауатты өмір салтын ұстану, табиғат аясында көп уақыт өткізу, шығармашылықпен айналысу адамға орасан зор пайда тигізеді. Бұның барлығын біле тұра әлеуметтік желінің шырмауынан шыға алмай жүргендігіміз жасырын емес.
Тақырып ауқымын арттыру үшін оқырмандарға «Әлеуметтік желіні қаншалықты жиі пайдаланасыз? деген сауал қойған едік.
– Интернетті жиі қолданамын. Әдеттеніп кеткенмін дегеннен гөрі, қажеттілік деп айтқаным дұрыс шығар. Әсіресе «YouTube» желісін жиі көремін, – дейді Жаннұр есімді бойжеткен. Мұғалім Айна Ералы: «Бүгінде интернетке тәуелділіктің салдарынан жастардың денсаулығы ғана емес, ойлау, сөйлеу, жазу мәдениеті де төмендеп барады. Бір ғана мысал ватсап желісінде хат алмасқан кезде оқушылар ғана емес, үлкендердің өзі сөздерді толық жазбайды. Бұны көбіне елей бермейміз, бірақ өте қауіпті, – деген пікірімен бөлісті.
– Қалтасында азын-аулақ ақшасы бар кез келген бала компьютерлік клубтарда қалауынша интернетте отыра алады. Олар түрлі ойындар ойнайды. Оның барлығы адамның психологиясын бұзып, санасына салмақ салады. Интернет мүлдем керек емес дей алмаймыз, тек қажетті тұстарын пайдалансақ, нұр үстіне нұр болар еді, – дейді тағы бір оқырман.
Жоғарыда Қытай билігі жастардың интернетке деген тәуелділігіне медициналық ауру деген баға беріп, қауіптің алдын алуға кіріскендігін айттық. Яғни желіге байланған жеткіншектерді кеселінен арылту үшін арнайы жаттығу лагерлерін ашқан. Аталған орталықтарда Қытайдағы жастарды әскери тәртіппен емдейді. Онда әскердегі жаттығуларды емделушілердің күнделікті режиміне енгізген деседі. Бұл да бір амалсыздықтан туған шара шығар. Бұндай бәленің беті аулақ болсын десек, бүгіннен бастап, тәуелділіктен төнер қауіптің алдын алуды әрқайсымыз ойланғанымыз орынды.


Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
11 ақпан 2023 ж. 449 0

Терроризмді насихаттады

04 қаңтар 2025 ж. 96

«Тоқаев Әлиев емес»

03 қаңтар 2025 ж. 134

Жапония туралы 33 дерек

03 қаңтар 2025 ж. 137

«Жыл адамы» анықталды

02 қаңтар 2025 ж. 174

Тағы да жер сілкінісі

02 қаңтар 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031