Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ас атасын ардақтайық

Ас атасын ардақтайық

Осы мақала жазуыма себепші болып, маза бермеген мына жағдай. Бірде өз автокөлігіммен келе жатып маған таныс бір азаматтың көп қабатты үйлердің арасындағы қоқыс контейнерінен бірдеңе іздеп ақтарып жатқанын байқап, «Әй, досым не іздеп жатырсың?» дедім. Ой, Кәке несін айтасың, қазір кейбір жастарда нанға құрмет қалмаған ғой, ойланбастан тастай салады. Мен осы маңайдан біраз нанды теріп алып үйдегі малдарыма жем қылып отырмын. Қазір мал жемінің қауқары жоқ, қымбат екенін білетін шығарсын», – деді.
Иә, азаматтың айтып тұрғанының бәрі рас жуырда бір жас келіннің көшедегі электр желісінің бағанасына целлофан қалтаны іліп, үйіне қайта кіріп кеткенінің куәсі болдым. Ізінше көшедегі қаңғыбас иттер оны жұлмалап, шаша бастады. Аяқ асты болып жатқан нанды көргенімде көлеңкелі көрініс көңіліме реніш ұялатты. Тәу ете жүріп, нан қалдықтарын теріп алдым. Қазақты «Ас атасы – нан» деген сөз бар. Ата-бабамыз сәбиі ақ пен қараны ажырата бастаған кезден-ақ оң қолына нан ұстауды, ысырап етпей құрметтеуді үйреткен. Нанның қасиеті мол адам кез келген тамақты екі күн жесе, қанша нәрлі болғанымен жолығады. Ал наннан өмір бойы шықпайды. Алдымызда нан тұрмаса көңіліміз де, дастарқанымыз да орта. Берекеміз кетіп, дүние ойсырап тұрған секілді көрінеді. Сондықтан халқымызда «Нанды жерге тастама», «Нанның үстіне зат қойма», «Нанды төңкерме», «Нанды бір қолмен үзбе» деген тиымдар бар.
Таңқаларлығы, жер бетінде басқа дақылдардың, жемістердің жабайы түрлері бар. Айталық, алманың, жүзімнің, жуаның, сұлының тағы басқалардың, бірақ бидайдың жабайы түрі жоқ. Бұны Алланың адамзатқа берген тікелей сыйы деп түсінуге болады. Үйге келген адам асығыс болса да, өзге тамақтан емес наннан ауыз тіип шығады. Аждамдардың арасындағы ынтымақ, бірлік, бір-біріне деген жақсы қарым-қатынс, ауызбіршілік дастарқанның үстіне қойған нан арқылы нығая түседі. Нан ауыз тиген үйге қазақ жамандық тілемеген. «Бір күн дәм татқан жерге қырық күн сәлем» дейтініміз де осыдан.
Кейбір қазіргі келіндер қонақ шақырып отырып, «Ойбуй, нан қоюды ұмытыппын» деп жатады. Оларға айтарым, дастарқан берекелі, үйге ырыс-кірсін, отырған адамдардың ықылас-пейілі өз шаңырағыңызға аусын десеңіз, алдымен дастарқанға нан қойыңыз. Өйткені, нанды пенделердің көзіне көрінбейтін, адамдарды таптататын қасиет бар деседі. Нанды қалай болса солай турауға болмайды. Оның ұсағының өзі киелі «нанның қалдығын жеген бала сауапқа қалады» дейтін ата-әжелеріміз. Диетеологтар нан денсаулықтың реттеушісі деп таниды.
Тарихқа жүгінсек, ата-бабамыз кейбір қиын кезеңді бастан өткізген. 1920 жылдардың соңында кеңестік қатыгездік саясаттың кесірінен Қазақстанда күштеп астық пен ет жинау етек алған. 1930 жылдары елдің тұрмыс-тіршілігіне қарамастан, әр отбасына бес пұт астық салығы салынған. Егіншілікпен айналыспайтындарға астық, малы жоқтарға ет салығын салу кең өріс алған. Салықтан құтылу үшін халық үйіндегі соңғы малын, дүние-мүлкін сатуға мәжбүр болған. Талапты орындамаған басшылар да, шаруалар да жазаға тартылған. Ешкімді ешкім аямай, шаш ал десе бас алып, басқаларды құрбан ету үйреншікті қалыпқа айналған.
1932-33 жылдары шаралары қатаңдатылып, ату жазасы белгіленген. 1933 жылдың басында Қазақтсандағы 40,5 миллион малдың бар болғаны 4,5 миллион қалғанын, ал 6,2 миллион республика халқының 2,1 миллионы аштықтан қырылғанын білеміз. Зорлық-зомбылықтан қазақ халқы көп азап шеккен. Мал мүлкінен, құрал-сайманынан, тіпті жертөлесінен де айырылып, ашаршылыққа ұшыраған қандастарымыз босқын күй кешіп, ел асқан. Айтпағым, сонау нәубетті жылдардағы аға буын нан тапшылығын көріп, тұрмыстың азабын тартып өсті. Қазіргідей тоқшылық заманда кейбір жастарымыз нанның қадірін түсінбейді. Жерде жатқан нанды көрсе де, көрмеген сыңай танытады. Болмаса ойланбастан қоқыстың асрасына тастай салатындар кездеседі. Бұл әрине кешірілмес күнә. Нанжды құрметтемеген адам ешкімді де құрметтемес деп ойлаймын.
Әнеукүні теледидардан Астана қаласындағы бір кәсіпкердің көпқабатты үйлердің алдына арнайы нан қалдықтарын және тамақ қалдықтарын контейнерлер жасап қойғанын, жиналған тағам қалдықтарынан мал жемін шығарып, кәсібін дөңгелетіп отырғанын естіп таңқалғаным бар. Бұны айтып отырған себебім ас атасы нанға құрмет есебінде аудан орталығындағы көпқабатты үйлердің ауласында арнайы нан контейнерлері жасалса деген ұсынысым бар. Қажетті адамдар малдарына алған болар еді.
Ата-бабаларымыздың ұлы ұлағаттарын орындау, нанды қастерлеу баршамыздың міндетіміз, ағайын.
Кемал КӨПЖАСАР,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
07 ақпан 2023 ж. 105 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031