Туристер Түркияға неге құмар?
Соңғы жылдары, әсіресе, пандемеядан кейін қазақстандықтардың шетелге саяхатқа шығуы, өзге өркениетке қызығушылығы артып келеді. Бұрын алыс-жақын мемлекеттерге кәсібі дөңгелеген немесе қалада қызметі жоғары азаматтар шыға алса, қазір интернеті жоқ ауылдағы ағайындарға дейін бергісі Таиландқа, арғысы Америкаға барып келді. Санаға ерекше серпіліс сыйлап, өмірге деген көзқарасты жетілдіретін мұндай саяхаттың жұмыр басты пендеге берері көп екеніне дауласпаймыз. Әсіресе, теңіз жағасында жан жадыратып, топ болып ұшқан шағаладан шаттық іздейтін, «құсшының» күркесіне келіп, кофе ішуді шындыққа айналдырған саяхатшылар қатары қалың. Сол себепті түріктер туристерді несімен қызықтыратыны туралы ізденіп көрдік.
Қонақ күтіп байыған
Кәрі құрлықтың өркениеті, даму қарқыны Орта Азия елдеріне қарағанда әлдеқайда көші ілгері екенін білеміз. Туристерді ынтықтыратын да өмір сүруге әбден лайықты елді бір көріп қайту. Дәл қазіргі сәтте осы арман жетегіндегі жүргендердің қалтасына қарайласатын ел – Түркия. Саяхатшылар мұндағы сапар туралы ой қозғағанда ең алдымен қонақ күтушілердің қызметі туралы айтады. Бірақ түрік еліне барғандар бассейннің жанында жатып алып, дәмді тамақ жеуден бас көтермейді дегенді білдірмейді. Бұл ел кез келген мереке үшін, көптен күткен демалыс үшін таптырмас қолайлы мекен. Тарих пен архитектуралық нысандарға бай ел дүниетанушылардың тамаша уақыт өткізуіне кепілдік береді.
Мемлекеттің саясаттың, ел қазынасының басым бөлігі туристерге бағытталған. Туризмге бөлінетін қаржы да, одан түсетін пайда да қомақты. Сондықтан қызмет көрсету өте жылдам қарқынмен дамып келеді. Кейбір демалыс орындарында сіз тіпті қазақтілді қызметкерлерді және қазақша сөйлейтін бала күтушісін таба аласыз. Жергілікті тұрғындар жайлы отбасылық демалыс үшін сізге барлық қажеттілікті тауып береді. Әр қонақүйде ойын алаңдары, балаларға арналған аквапарктер де бар.
Көңіл көтерілсін десеңіз
Бұл елдегі ойын-сауық қонақ үйден шықпай-ақ басталады. Көбінесе қонақ жайлы және көңілді тұру үшін толық жабдықталған. Мұнда бассейндер, ойын бөлмелері және демалыс орындары бар. Туристерге ұсынатын жалғыз демалыс бұл емес.
Әрине, ең маңыздысы – тарихи орындарға экскурсиялардың көптігі. Сондай-ақ ортағасырлық бекіністер, ежелгі монастырлар, жоғалған өркениет ескерткіштері бар. Мұнда Ежелгі Греция мен Ежелгі Римнің тарихы Византия және Осман империяларымен және олардан қалған құнды жәдігерлерді көзбен көре аласыз.
Дәл қазіргі сәтте туыстар елінде ауа температурасы +15 С-тың айналасында. Қыстыгүні теңізге шомылғысы келгендердің жүрегі алып болуы шарт. Ал жазда дайвинг, аквапарк, термалды бұлақтар, моншалар шетелдіктерге үздіксіз қызмет көрсетеді. Бұған табиғаттың өзі демеушілік етеді. Өйткені Түркияның төрттен бір бөлігін теңіз, яғни Мәрмәр, Қара, Эгей және Жерорта теңіздері шайып жатыр.
Түркияда арнайы шопинг-турға баруға болады. Қазақша айтсақ, төрт мезгілге арнап киім алып, құдалыққа кит арқалап қайтсаңыщ құп. Себебі мұндағы бағалар көзді де, әмиянды да қуантады. Ыстамбұлдың және басқа да ірі қалалардың түнгі өміріне назар аударған жөн. Мұнда клубтық кештер жоғары деңгейде өтеді. Сондай-ақ әдеттен тыс демалыс түрлерін, мысалы, тау шаңғысы курортын немесе джип-сафариді көруге болады.
Сөзсіз, визалық режимнің болмауы туристер үшін ең бірінші артықшылық екенін айта кету керек. Оған қоса жылдың кез келген уақытында қолайлы субтропикалық климат еліктіреді. Ылғалдылық жұмсақ акклиматизация үшін тамаша, оны балалар мен қарт адамдар да жақсы және тез қабылдайды.
Айқын артықшылығы - ыңғайлы барлығын қамтитын жүйе, оның арқасында турист қай жерде түскі ас ішуге немесе коктейльге тапсырыс беруге алаңдамайды. Кез келген ойын-сауықтың, көптеген экскурсиялардың және туристік бағыттардың болуы бұл елді демалыс үшін тамаша етеді.
Түркия балалармен демалысты барынша ыңғайлы ету үшін барлығын жасап жатқанын ескеріңіз. Әр қадамда балалар бөлмелері, аниматорлар, шағын дискотекалар, күтушілер және балалар мәзірі бар.
Кемшіліктерге келер болсақ, жаздыгүні адам қарасы қалың орындарда, мерекелік шараларда ұрылар сызді көк тиынсыз қалдыруы мүмкін. Бұдан бөлек такси қызметін пайдаланғанда жүргізушілер артық ақша алып қалудың амалын жасайтынын қаперде ұстау керек. Сонымен бірге мейрамханалар мен қонақүйде тамақтану әлдейқайда қымбат екенін ұмытпаңыз.
Ескі қаланы аралау естен шықпасын
Түркияға келген соң күні бойы қонақүйде жатуға болмайды. Осы әдемі елге келгеннен кейін сіз одан толық ләззат алуыңыз керек. Кейбір қызықты экскурсияларды қонақүй жиі тегін ұсынады. Сіз бұл ел және оның тарихы туралы көп нәрсені біле аласыз.
Ыстамбұлға бару кез келген турист үшін міндетті. Осы көшелермен серуендеп, дүкендерді аралап, осы көне қаланың сәнін тамашалау керек.
Осы жерде жүргенде Түркиядан барлығын алып, түріктің түпнұсқа ләззаттарын көріңіз – бір кесе түрік кофесі, тәттілер, дәмдеуіштер. Сонымен бірге түрік моншасына бару артықтық етпейді. Ал базарда түріктермен саудаласыңыз, олар мұндайды жақсы көреді.
Тарихи жәдігер – жанға азық
Памуккале Түркиядағы ең көп баратын орындардың бірі. Клеопатра бассейндері деген лақап аты бар аппақ қарлы бассейндер әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді тартады. Бұл бәрінен бұрын денсаулыққа пайдалы нағыз ғажайып. Көптеген адамдар денсаулығын жақсартып, стресстен арылу үшін осы жерге барады.
Сіз сондай-ақ Эфестегі ежелгі Рим қирандыларына барып, ұлы империяның мұрасына қол тигізе аласыз. Немесе Кападокияға, бірегей вулкандық құрылымдарға және үңгірлер қаласына барыңыз.
Византия мен Османлы мәдениетінің бірегей ескерткіші болып табылатын Стамбулды ұмытпаңыз. Мұнда сіз бірнеше күн бойы қаланы аралай аласыз, бірақ ешқашан толықтай аралап үлгермейсіз.
Түркия жыл сайын туризм инфрақұрылымын дамытып, қолайлы жағдай жасау үшін қомақты қаржы салуда. Мұнда демалу кез келген әмиян мен талаптары бар турист үшін қолайлы.
Р.ҚАЙРАТҰЛЫ