Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Министр: Бұдан былай қант проблемасы болмайды

Министр: Бұдан былай қант проблемасы болмайды

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Біз отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін көтерме баға енгіздік. Инфляцияға олар ешқандай әсер етпейді. Өйткені қазір бағалар теңдесуде, себебі теңге мен рубльдің айырмашылығы жақсарып келеді, - деп атап өтті ведомство басшысы Үкіметте өткен брифингте.

Айтуынша, қант өндірісін жақсарту шаралары қолға алынған.
Біз өзіміздің қант зауыттарымыздағы қаржыландыруды аяқтадық. Жақын арада оны іске қосуға дайынбыз. Әрине, көп мөлшерде құрақ қанты болады, бірақ былтырғыдай проблема болмайды. Меморандумда оның ең жоғары бағасы 460 теңге деп көрсетілген. Бұл біздің дүкен сөрелеріндегі бағалар, - деді Премьер-министрдің орынбасары.

Белгілі болғандай, өткен жылы отандық қанттың 306 мың тоннасы өндірілген.
Былтыр біз құрақ қантынан 306 мың тонна қант пен 50 мың тонна қызылша қантын өндірдік. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Бұған дейін өндіріс көлемі 100 мыңнан сәл ғана асатын, - деді Серік Жұманғарин.

Еске сала кетейік, бұған дейін түрік компаниясы Шу қаласында қант өндіретін жаңа зауыт салуды жоспарлап отырғандары туралы жазған болатынбыз. «Konya» компаниясы инвестор ретінде тартылып, отандық қант саласын дамытуға жол ашады деп жоспарланып отыр.
07 ақпан 2023 ж. 473 0

Ісін сүйген, ұтылмайды

05 сәуір 2025 ж. 238

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930