Ұлылардан қалған ұлағат

Е. ТАБЫНБАЙ,
«ҚАЗАЛЫ» газетінің бас редакторы
«ҚАЗАЛЫ» газетінің бас редакторы
Мақал-мәтелдер
Қазақ баланы санамайды және санын айтпайды.
***
Қалжа жемеген әйелдің баласы ынжық, болбыр, икемсіз болып өседі.
***
Баланы бесікке саларда ешкім сөйлемейді.
***
Сәби шалқасынан жатып башайын тістесе, оны «үйірін шақырып жатыр» деп ырымдайды. Яғни соңынан тағы бір бала келеді деген ұғым бар.
***
Сәбидің қырқынан шыққанда қарын шашын алмаса, қарғысы қатты болады. Балаға қарғыс өтпеу үшін оны үш кемпірдің бұтынан өткізіп алады.
***
Үйге кіріп келе жатқан бала есік алдына құлап қалса, үйге береке, ырыс, байлық келеді. Оны төрге апарып үш рет аунатады.
***
Жүкті әйел шашын кессе, іштегі бала кемтар болып туады, бақыты кесіледі.
Сәби шалқасынан жатып ұйықтаса, елге белгілі азамат болып өседі, бүк түсіп ұйықтаса, уайымшыл, жігресіз болып шығады, етпетінен жатып ұйықтаса, ойшыл болады.
***
Балаға асық етін мүжітпейді. «Алты жыл аш болсаң да, асық етін мүжіме» деген бар.
***
Бойы өспей қалады деп, жас балаға бұғана ұстатпайды.
***
Қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ жаулықтың, қара қайғының белгісі.
***
Қалы үлкейіп кетпесін деп, қалымен туған балаға «Қалдыгүл, Қалдыбай» деп ат қояды.
Мақал-мәтелдер
Енесі тепкен құлынның еті ауырмас.
***
Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын.
***
Үй ішінен жау шықса, тұра қашып құтылмассың.
***
Ине өткен жерден жіп өтер.
***
Торғай жаңбыр жауса, баласын қорғар, бұршақ жауса, басын қорғар.
***
Жалғыз түйе бақырауық,
Жалғыз бала жылауық.
***
Жылайын деген бала, атасының сақалымен ойнайды.
***
Елді сөкпе, кенді төкпе.
***
Ақбөкенді жабыр деме,
Көшпелі елді обыр деме.
***
Беліңнің мықтысы бір басыңа,
Еліңнің мықтысы бір ғасырға.
***
Жат елдің қаршығасынан,
Өз еліңнің қарғасы артық.
***
Өзін-өзі білген ер бақытты,
Өзін-өзі билеген ел бақытты.
***
Ел артындағы шаң жұтады,
Ел алдындағы мал жұтады.
***
Елдің алдында болсаң, көз тиеді,
Елдің соңында болсаң, сөз тиер.
***
Елдің айнасы – елі,
Жердің айнасы – көлі.
***
Ел, елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен жақсы.
***
Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын.
***
Үй ішінен жау шықса, тұра қашып құтылмассың.
***
Ине өткен жерден жіп өтер.
***
Торғай жаңбыр жауса, баласын қорғар, бұршақ жауса, басын қорғар.
***
Жалғыз түйе бақырауық,
Жалғыз бала жылауық.
***
Жылайын деген бала, атасының сақалымен ойнайды.
***
Елді сөкпе, кенді төкпе.
***
Ақбөкенді жабыр деме,
Көшпелі елді обыр деме.
***
Беліңнің мықтысы бір басыңа,
Еліңнің мықтысы бір ғасырға.
***
Жат елдің қаршығасынан,
Өз еліңнің қарғасы артық.
***
Өзін-өзі білген ер бақытты,
Өзін-өзі билеген ел бақытты.
***
Ел артындағы шаң жұтады,
Ел алдындағы мал жұтады.
***
Елдің алдында болсаң, көз тиеді,
Елдің соңында болсаң, сөз тиер.
***
Елдің айнасы – елі,
Жердің айнасы – көлі.
***
Ел, елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен жақсы.