Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы 2,4 млн теңгені құрады – БЖЗҚ

Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы 2,4 млн теңгені құрады – БЖЗҚ

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге және емделуге пайдалануға 1,7 миллионнан астам өтінішті қарастырды, деп хабарлады бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі.
Өтініштердің ең көбі Алматы қаласының (17,60%), Нұр-Сұлтан қаласының (14,03%), Маңғыстау облысының (10,35%) тұрғындары тарапынан жолданған.
"2022 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалану туралы 1 328 015 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,1 триллион теңгеден астам қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 2,4 миллион теңге", – деп хабарлады қордың баспасөз қызметі
Ведомство мәліметінше, уәкілетті операторлардан салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына шамамен 450,6 миллиард теңге қаражат қайтарылды. Себебі, сұраным иесінің өтініші және өзге де себептермен қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдаланбаған.
Сонымен қатар БЖЗҚ емделуге берілген 302,5 миллиард теңгеге 388 824 өтінішті орындады. Бұл ретте алуға болатын орташа сома шамамен 0,8 миллион теңге.
Сонымен қатар, салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы шотына "Отбасы банкінен" 31,3 миллиард теңге қайтарылды, бұл қаражат өтініш берушінің қалауы немесе өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмаған.
Инвестициялық портфельді басқарушыларға 8,7 миллиард теңге аударылып, БЖЗҚ 5 877 өтінішті орындады. Аударымның орташа сомасы 1,5 миллион теңгені құрады.
08 тамыз 2022 ж. 748 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 132

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031