Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазақстан халқына» қоры білім беру гранттарын тағайындайды

«Қазақстан халқына» қоры білім беру гранттарын тағайындайды

«Қазақстан халқына» қорының Қамқоршылық кеңесі 2023 жылдың 16 қаңтарында өткен кезекті отырысында білім беру гранттары бойынша бағдарламаның шарттарын кеңейту және оған өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан ҚР азаматтары мен жараланған балалардың отбасыларына одан әрі қайырымдылық көмек көрсету және қолдау мақсатында білім беру гранттары бойынша қолданыстағы «Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттары» бағдарламасына 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен ҚР қаза тапқан азаматтарының балаларына және жараланған балаларға гранттар мен стипендиялар беру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

«Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасы ауыл мектептерінің түлектерін және халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан студенттерді қолдауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының осы санаты үшін жоғары білімнің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Ағымдағы оқу жылында бағдарлама аясында халықтың әлеуметтік осал топтарынан және ауылды жерден 2 267 студент білім гранттарына ие болды, олар еліміздің 85 жоғары оқу орнында білім алуда. Сондай-ақ, қайырымдылық бағдарламасы аясында барлық студенттер үшін ай сайынғы материалдық қолдау (стипендия) қарастырылған.

Бағдарламаға қатысушы басқа санаттардан айырмашылығы, Қазақстан Республикасының қайтыс болған азаматтарының балаларына және жараланған балаларға тек жоғары білімнің (бакалавриат) білім беру бағдарламалары бойынша ғана емес, сонымен қатар ТжКБ (техникалық және кәсіптік білім беру) мамандықтары бойынша, яғни еліміздің колледждерінде оқу үшін білім беру гранттары беріледі.

Жараланған балалардың (13 бала) және қайғылы қаңтардағы оқиға кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының (238 адам) тізімі Қордың ресми сайтында жарияланған бағдарламаға қосымшамен бекітілген.

Бағдарламаға 29 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 18 жасқа толмаған балалар (2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан азаматтар мен жараланған балалар) бойынша Қордың цифрлық порталында осы үшін құрылатын Эндаумент қорында (18 жасқа толмаған балалардың болашақ білім алуына) арнайы шоттар ашу үшін өтінімдер қабылдау жүзеге асырылатын болады.

Бұл ретте (Қордың цифрлық өтінімдер порталына):

- 2022 жылғы қаңтардағы оқиға кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының және жараланған балалардың ата-анасы немесе қамқоршысы/ресми өкілі;

- қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан азаматтардың балалары немесе кәмелетке толған жараланған балалар өтінім бере алады.

Өтінім берген кезде келесі құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса беру қажет:

- өтініш берушінің/баланың жеке куәлігі;

- қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматының қайтыс болғаны туралы куәлік/анықтама;

- қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжат: баланың туу туралы куәлігі, қажет болған жағдайда дербес деректердің өзгеруі туралы анықтама.

Бағдарламаның шарттарына сәйкес оқу ақысы әрбір өтініш беруші бойынша бір оқу жылына 1 млн теңгеге дейінгі сомада жоғары оқу орындарында және ТжКБ мекемелерінде бакалавриат бағдарламалары бойынша оқыту 4 жылға дейін оқу болады деген есеппен жүргізіледі.

Осылайша Эндаумент қорында балалардың (ҚР қаза тапқан азаматтары балалары мен жараланған балалардың) ашық арнайы шоттарында Қордың qazaqstanhalqyna.kz цифрлық порталында өтінім тіркелген әрбір балаға 4 млн теңгеге дейін жинақталатын болады.

«Қазақстан халқына» ҚҚ нысаналы капиталын (Эндаументін) қалыптастыру тұжырымдамасы 2023 жылғы 16 қаңтарда Қамқоршылық кеңестің отырысында қаралды.

18 жасқа толған (2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша) қаңтардағы оқиға кезінде қаза тапқан азаматтардың балалары және жараланған балалары тиісті өзгерістер енгізілген қолданыстағы қайырымдылық бағдарламасы шеңберінде Қордың білім беру грантына құқылы. Бұл ретте өтінімдерді қабылдау жаңа 2023-2024 оқу жылынан бастап жүзеге асырылатын болады. Грант беру мерзімдері мен тәртібі Қордың сайтында ағымдағы жылдың 1 маусымынан кешіктірілмей орналастырылатын болады.

Сондай-ақ «Қазақстан халқына» ҚҚ гранты ТжКБ және жоғары білімнің (бакалавриат) білім беру бағдарламалары бойынша оқуға бір рет берілетінін, бұл ретте екінші жоғары білім алуға «Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру грантын алуға жол берілмейтінін атап өткен жөн.
17 қаңтар 2023 ж. 226 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031