Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сарыптан қауіп көп

Сарыптан қауіп көп

«Бруцеллез-Brucella» атты жалпы атаумен біріктірілген бактериялар қоздыратын созылмалы өтетін адам және жануарларға ортақ асақауіпті жұқпалы аурулардың бірі.
Сарып немесе сал ауруы – адамдарға ауру малдан жұғатын, адам денесінің буын, жүйке, жыныс мүшелерінің зақымдануына әкеліп соғады.
Ауру қоздырғышы сыртқы ортаның әсеріне өте шыдамды келеді: сүт өнімдерінде 25 күнге дейін сақталып, мал терісінде 3-4 ай, суда 5 ай, топырақта 2-3 ай өмір сүрсе, салқын жерде ұзақ сақталады. Ауру малдардың ішіндегі ең қауіпті әрі созылмалы түрі, уақ малдарды бағып қағу кезінде жұқтырады. Ауру қоздырғыштары сыртқы ортаға ауырған малдардың тезегі, қиы, зәрі, шуы, тағы басқалар арқылы бөлініп тарайды.
Ауру қоздырғыштары адам денесіне әсіресе мал төлдету, оны бағып-қағу, ауру малды сою, жіліктеу, немесе жүнін қырқу кезінде тері арқылы енеді. Ал күнделікті тұрмыста ауырған малдың қайнатылмаған сүтін ішкенде, сол сүттен дайындалған қаймақ, сарымай, ірімшік, шала пісірілген ет тағамдарын пайдаланғанда жұғады.
Сарып ауруының негізгі белгілері ауру жұқтырғаннан кейін 7-30 күн өткен соң біліне бастайды. Адам өзінің тез шаршап, тамаққа зауқы соқпай, басы ауырып, делсал болып бойының ауыр тартқанын сезеді. Емделмеген жағдайда ауру күшейіп, науқастың дене қызуы 38-39 градусқа дейін көтеріліп, қол-аяғы сырқырап, белі ауырып, түнге қарай малшынып терлеп, ұйқысы бұзылып, мойын, қолтық асты, шабының бездері ісіп ауырады. Дәрігерлерге көрінбей, өзінше емделген жағдайда ауру созылмалы түрге айналып, науқас адамның белі шойырылып, қол-аяқ буындары ісіп, қозғалтпай ауырып, әрең бүгіледі. Буын-буындарға сары су толып, буындардың қалыпты түрі өзгереді. Ауру 2-3 жылдан көп жылға дейін созылып, кейбіреулер жұмысқа жарамай сал, мүгедек болып қалуы ықтимал.
Ауру малдар бағылатын қорада темекі тартуға, тамақтануға, демалыс жасауға болмайды. Жаңа туған төлді үйге кіргізудің де қажеті жоқ, себебі, үйдегі сәбиге, балаларға, отбасы мүшелеріне ауру жұғуы мүмкін. Мал немесе малдың еті мен сүтін сатып алғанда, сатушылардан малдың саулығы туралы мал дәрігердің анықтамасын талап етіңіздер.
Сарып індетінің тек ауру малдардан немесе мал өнімдерінен жұғатынын ескерсек, бірінші кезекте сақтану шараларын аурудың көзі болып табылатын себептерді жоюдан бастаған жөн. Ол үшін жекеменшік мал иелері мен шағын шаруашылығы бар басшылар, жергілікті әкімдер мен мал дәрігерлерімен бірлесіп, қожалықтағы немесе жекеменшіктегі барлық мал басын түгелдей есепке алып, уақытында сарыпқа тексертіп және де басқа қауіпті ауруларға қарсы ектіруі керек.
Мал шаруашылығымен шұғылданатын ағайындарға айтарымыз, қолдан келсе атакәсібімізді жалғастырып, мал ұстаған дұрыс. Ал ауру малды қолда ұстап жанұя мүшелеріне, туысқандарыңызға ауру жұқтырып, мал дәрігерлеріне хабарламай үй жағдайында сойып, немесе сүті мен етін сатып, ауру ошағы және індетті таратудан сақ болған жөн. Ұрпағымыз аман, жанұямыз түгел сау болсын десеңіз, , санитарлық гигиенены қатаң сақтап, мал қораларына арнайы киімдермен кіріп, қолдарын міндетті түрде жуып үйге кіруі қажет. Мал төлдету кезінде жас балаларды, екі қабат әйелдерді мүмкіндігінше малға жолатпай, мал шуларын арнайы шұқырға көміп тастау керек.
Мұхамедқали ҚАЙБОЛДИЕВ,
Қазалы аудандық аумақтық
инспекциясының бас маманы
08 қаңтар 2023 ж. 689 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930