Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Маман өмірді байлыққа бастайтын әдетті атады

Маман өмірді байлыққа бастайтын әдетті атады

Сізге өмірдің «жарық» жаңа кезеңіне өту керек. Мұны істеу үшін біз, ең алдымен, энергетикалық шыңырауға айналуы мүмкін нәрселерден құтыламыз.

Үйді мәнсіз-мағынасыз толтырып тұрған нәрседен дер кезінде құтылу – шеберлік. Жаңа және маңыздырақ нәрсеге орын босату керек. Ал Жаңа жыл қарсаңы – өзгерістер туралы шешім қабылдауға тамаша уақыт. Сізге лақтыратын ештеңе жоқ сияқты көрінсе де, жақсылап іздесеңіз, табылады. Олардан құтылыңыз, сонда сіз өміріңіздің жақсы жаққа өзгеретінін көресіз. Байлыққа жол ашылады. Әлеуметтік сатыда жоғарылайсыз.

Ыңғайсыз киім

Қазір жарамаса да, кейін сәл салмақ жоғалтқан соң киемін, киіп шығуға батылыңыз жетпейтін жылтыр көйлек, досыңыз сыйға тартқан жейде... Өзіңізді ыңғайсыз сезінетін барлық нәрселерден арылыңыз. Эзотериктердің пікірінше, ыңғайсыз киім кию денені ғана емес, өміріңізді де тұсайды.

Ерекше жағдайға арналған дүние

Көзіңізді жұмып, қажетсіз нәрселерден мәңгілікке құтылыңыз, ол қаншалықты әдемі және "ерекше" болса да. Егер сіз оны бір жылдан астам уақыт бойы кимеген болсаңыз, енді сізге ол қажет емес.

Бар екенін ұмытып кеткен киім

Гардеробтан "ұмытылған" киімдер іздеңіз. Сөрелердің түкпір-түкпірін тінтіңіз қарап шығыңыз және соңғы бір жыл бойы кимеген немесе бар екенін ұмытып кеткен барлық нәрселерді алыңыз. Мұның бәрін басқаларға беруге немесе қоқыс жәшігіне апаруға болады.

Жөндеуге қолыңыз тимей жүрген киім

Сіздің сүйікті жемпіріңіз немесе джинс шалбарыңыздың ілгегі түсіп, тізесі жыртылып қалған күйі әлі жатыр ма? Яғни олар жай ғана «жарамсыз» киімдер. Тастай салыңыз.

Кеңістік ұйымдастырушысы Алина Уәлиева: «Дұрыс ұйымдастырылған кеңістік өмірге жақсы өзгерістер алып келеді, қиындықтарды жеңуге көмектеседі және үйде тыныс алу оңайырақ болады, отбасымен сөйлесуге бос уақыт артылады. Заттарды бір жерден екінші жерге ауыстырып, тәртіп орнады екен деудің қажеті жоқ.
Қазір көптеген адамдар экологиялық таза өмір сүруге тырысады және саналы тұтынуға ұмтылады. Шынында да, егер әркім өзі үшін де, жақындары үшін де бірдеңе сатып аларда талғампаздық танытатын болса, қажетсіз дүниелерге ұрыну ықтималдығы төмендейді.
Көпшілігіміз туыстарымыз бен достарымызға ескі және қажетсіз заттарды сыйға тартқанда, олар үшін бұл заттардың қажеттілігі туралы ойланбаймыз және олардың кеңістігін де қоқыстайтынымызды ескермейміз», - дейді.
Басқадан алған дүниелер

Жаңа жылды қарызсыз қарсы алу, сондай-ақ достарыңыздың сізге берген киімдерін гардеробыңыздан алып тастау ұсынылады. Біріншіден, олар бұрынғы иелердің энергиясын алып жүреді және ол сізге жараспайтын болғасын сөреде жатқан болуы мүмкін. Екіншіден, жалға алынған заттар (соның ішінде киім) сіздің өміріңізге қаржылық әл-ауқатты арттыруға кедергі жасайды. 

Жаман ассоциация беретін заттар

Егер белгілі бір нәрсе сіздің жадыңызда жағымсыз естеліктер тудырса, одан құтылыңыз. Өткеннің ащы ізі бар заттар сіздің кеңістігіңіздің энергиясын улап, жаңа жылда бақытты болуыңызға кедергі жасайды.

Ескі шұлықтар

Біз оларды шалбардың астына киюге қалдырамыз. Дегенмен, психологтар мұндай әдеттер өзімізді бағалауымызға әсер ететінін атап өтеді. Ал егер сіз өзіңізді шын сүюді үйренгіңіз келсе, жаңа колготки мен шұлық жинағын алуға ерінбеңіз, ескілерін лақтырып тастаңыз. Сырттай ештеңе өзгермейді, бірақ өзін-өзі бағалау жоғары деңгейге көтеріледі.

21 желтоқсан 2022 ж. 407 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031