Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аяқ киімді қалай таңдаған жөн?

Аяқ киімді қалай таңдаған жөн?

Дүкен сөрелеріндегі аяқ киімдердің көптігінен көз сүрінеді. Олардың бағасы да, сапасы да әртүрлі. Қымбат туфлидың арзан аяқ киімнен артықшылығы неде? Бағасы қолжетімді, әрі сапалы аяқ киім таңдаймын десеңіз, біздің кеңесімізге назар аударыңыз.
1. Сатып алатын аяқ киімді қанша уақыт киесіз?
Әрине, кез келген әйел адам әдемі туфлиды жеңілдікпен сатып алу мүмкіндігін құр жібермейтіні белгілі. Дегенмен де, көз тартарлық ботильонның құны өте арзан болса да қаншалықты жиі киетіндігіңізді ойлаңыз. Мысалға, бар-жоғы 4 мың теңгеге сатып алған бізөкше туфлиды туған күн кешінде және 8 наурызда ғана киіп шықтыңыз делік. Демек, әр киіс 2 мың теңгеге бағаланып тұр. Ал егер сіз өзіңізге өте ыңғайлы аяқ киімді 20 мың теңгеге сатып алып, бірнеше ай бойы күнделікті киіп жүрсеңіз, оның пайдасы әлдеқайда артығырақ болатынын есіңізден шығармаңыз.
2. Бастысы аяқ киім ыңғайлы болуы керек.
Ол бірнеше рет кигеннен кейін созылып, кеңейіп кетеді деген ойдан аулақ болған жөн. Ұнатқан аяқ киім алғашқы киіп көрген сәттің өзінде жайлы болуы тиіс. Егер туфли аяғыңызға тар немесе қатты болса, мөлшері келмесе мұндай аяқ киімнен бас тартқан дұрыс. Өйткені, оны сатып алған күннің өзінде әуреге түсіп, бірнеше күн мазасыздануыңыз әбден мүмкін. Тіпті оны кимейтін де шығарсыз. Сондықтан да ыңғайсыз аяқ киімді сатып алудан бұрын ойланғаныңыз абзал.ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Ð²ÑÐ±Ð¾Ñ Ð¾Ð±Ñви
3. Киім өлшемі сияқты аяғыңыздың өлшемі де өзгеруі мүмкін.
Әр аяқта 26 табанасты ұсақ сүйектер болады екен. Егер сіз көбіне жалаң аяқ немесе өкшесіз аяқ киім киіп жүрсеңіз, табаныңыз сәл ұзаруы мүмкін екендігін ескеріңіз. Аяқ өлшемінің өзгеруіне жүктілік пен босану да әсер етеді. Оның үстіне түс ауа аяқтың ісінетіні белгілі. Сондықтан туфлиды түстен кейін таңдаған абзал.
4. Үйдегі аяқ киім сөресін ретке келтіріңіз.
Мүмкін сөреде киюге ыңғайсыз бірнеше аяқ киіміңіз тұрған шығар. Егер олар жақсы күйде сақталса, сатып жіберуге тырысыңыз. Ал сәннен шығып қалған етік, кроссовкаларыңыз болса, қайырымдылық ұйымдарына өткізуге болады. Осылайша, қажетсіз аяқ киімдерден арылғаннан кейін барып, өзіңізге не қажет екендігін түсінесіз.

5. Ұлтарақ жайында да ұмытуға болмайды.
Сапасы төмен аяқкиімдерді ыңғайлы етудің бір жолы – ортопедиялық ұлтарақтар қолдану. Кей адамдардың бір аяғы екінші аяғынан үлкенірек болып келеді. Бұл құбылыс жас келе тіптен байқала бастайды. Мұндай жағдайда аяқ киімді өлшемі үлкен аяғыңыздың ыңғайына байланысты таңдаған жөн, ал екінші жағына жұқа ұлтарақ салып қоюға болады.
6. Өкшесі тым биік емес аяқ киім таңдаған орынды.
Өкшесі биік туфлиды тек ерекше жағдайларда ғана киіп шығатынымыз белгілі. Сондықтан, өкшесінің биіктігі 4-5 см болатын аяқ киімдер күнделікті киіп жүруге қолайлы болары сөзсіз. Мұндай туфлилар бойыңызды ұзартып, сымбатты етіп көрсетеді, әрі ыңғайлы. Аяқ киіміңнің жайлы болғанына не жетсін?!
syrlasu.kz
21 наурыз 2020 ж. 1 124 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930