Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Банкрот деп танылған азаматтарға қатысты бірқатар шектеулер

Банкрот деп танылған азаматтарға қатысты бірқатар шектеулер

Банкрот деп танылған Қазақстан азаматтары шетелге шыға алмайды. Бұл туралы ҚР Қаржы бірінші вице-министрі Марат Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Банкрот болып танылған тұлғалардың берешектері шегерілгенімен оларға қатысты бірқатар шектеулер де болатындығын атап өткім келеді. Яғни банкрот деп танылғаннан кейін оның салдарына да назар аудару қажет. Заң жобасында банктрот деп танылған азаматтарға 5 жыл бойы қарыздар, несиелер алуға тыйым көзделген. Сонымен қатар азамат 3 жыл бойы емделуді, жақын туыстарын емделуге ертіп жүруді немесе жерлеуге баруды қоспағанда, елден тыс жерлерге шыға алмайды, – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Оның атап өтуінше, азаматтар 7 жылдан кейін ғана банкроттықты қайта қолдана алады.
Сондықтан азамат өзін банкрот деп жариялаудан бұрын ықтимал салдары және ары қарай қандай көздер есебінен өмір сүре алатыны туралы ойлану қажет. Жалпы, банкроттықты қолдану жеке тұлғаларға борыштық жүктемесінен құтылуға және белсенді экономикалық қызметін жүргізуді бастауға мүмкіндік береді, – деді Марат Сұлтанғазиев.
Бұған дейін ҚР Қаржы бірінші вице-министрі Марат Сұлтанғазиев Қазақстанда азаматтардың банкроттылығы рәсімінің 3 түрі енгізілгенін айтқан болатын.
09 ақпан 2022 ж. 342 0

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 66

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 42

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 73

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 79

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031