Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде жемқорлық пен қылмыстың алдын-алу мақсатында облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, басқармасы мен бөлімдерінің басшылық құрамы қатысқан конференция өтті.
Департамент мәжіліс залында өткен іс-шараға Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы әділет капитаны Бақтияр Дәуренқұлов пен Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының бірінші орынбасары полковник Ержан Қуанышбаев жетекшілік етті.
Конференция өткізудегі мақсат – әскери қызметшілер арасында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының қағидаларын қатаң сақтау мен қызметтік этиканы ұстау және құқықтық сауаттылық пен мәдениетті дамыту.
Атап айтсақ, 2022 жылдың қараша айында Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің офицерлері Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті, басқармасы және бөлімдерінің жеке құрамымен «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында әскери қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық деректерін алдын алу және мүлде болдырмау мақсатында бірнеше конференциялар ұйымдастырған болатын. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінде көзделген талаптар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі және әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік пен жаза туралы насихаттар жүргізілді.
- Әскери қызметшілердің сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтарын болдырмау басты мақсатымыз. Мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған осы іспетті іс-шаралар бәрімізден сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтарға қарсы және ісімізге адал болуды талап етеді, - деді Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы әділет капитаны Бақтияр Дәуренқұлов.
Қызылорда гарнизонында әскери бөлімдер мен мекемелерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруда көптеген іс-шаралар жүргізіліп келеді.
Мұхит ҚОНАРОВ
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант