Баскетболдағы бәсеке
Сейсенбіде Тәуелсіздік құрбандарын еске алу мен жастарды спортқа, салауатты өмір салтына баулу мақсатында «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, Қазалы ауданының Білім бөлімі және Қазалы Спорт бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары, ұл-қыз балалар арасында баскетболдан аудандық жарыс өтті, деп хабарлайды qazaly.kz.
Спортсүйер жастардың арасында өткен сайысына аудан әкімінің орынбасары Дәурен Оңғарбайұлы арнайы келіп, жарыстың ашылу салтанатында, сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілей отырып, ұйымдастырушыларға жылы лебізін білдірді.
– Салауатты өмір салты – бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекеттердің жиынтығы екені баршамызға мәлім. Алайда адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ол салауатты өмір салтын ұстану дене қозғалыстарының белсенділігі, дұрыс толыққанды тамақтану, зиянды жат әдеттерден бойын аулақ ұстау арқылы адамның қалауымен және спорт түрлерін жанымызға серік етумен қалыптасады. Сондықтан жасөспірімдер арасында осындай спорттық сайыстарды жиі ұйымдастыруымыз қажет деп білемін. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Екі күнге созылған спорттық сайыс қараша айының 21 мен 22 күндері аралығы өтті. ОғанШәкенауылдықокругіШиліелдімекеніненбастап, ауыл мен қаламектептерінен 7-8 сыныпоқушыларықатысты.
Қырағылық пен шапшаңдықты қажет ететін спорт түрінде оқушылар белсенділік танытып, спорттың бұл түріне деген сүйіспеншілк терін танытты.
Жарыс қорытындысы бойынша ер балалар арасында жүлделі І орынды №249 мектеп-лицей оқушылары иеленді. Ал ІІ орынды №266 мектеп-лицейдің спортшы жастары қанжығаласа, ІІІ орын №234 мектеп оқушыларына бұйырды.
Ал қыз балалар арасындағы бәсекеде бас бәйгені, яғни І орынды №234 мектептің арулары жеңіп алды. Сондай-ақ ІІ орынды №100 мектеп спортшылары және ІІІ орынды №94 мектеп оқушылары місе тұтты.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат