Емделіп жатқандар елеусіз қалмады

Жаңа ғана аталған сайлау учаскесінің мүшелері Қазалы ауданаралық ауруханасына барып, дауыс беруге тілек білдірген қауымға қызмет көрсетіп қайтты. Сөздеріне сенсек, 166 адам келешек үшін таңдау жасаған. Көптің ықыласы учаске мамандарының да көңілін көтеріп тастағанға ұқсайды. Елдің ауызбірлігі сайлау тұсында да көрінетіні көңілге жылы тиеді екен.
#Қазақелі #сайлау #Президент #20қараша