Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда мектеп оқулықтарын планшетке ауыстыру ұсынылды

Қазақстанда мектеп оқулықтарын планшетке ауыстыру ұсынылды

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқушыларының ауыр сөмкелерін қалай жеңілдетуге болатынын айтты, - деп хабарлайды tengrinews.kz.
Министр Аймағамбетов ауыр сөмке мәселесін шешудің, сондай-ақ мектептердегі цифрландыру деңгейін арттырудың кешенді шарасы ретінде планшеттерді қолдану ұсынылып отырғанын атап өтті.
"Планшет цифрлық оқулық, сондай-ақ үйден онлайн білім алу ресурстарына қол жеткізу құралы ретінде пайдаланылады", - деді ол.
Сонымен қатар, Аймағамбетов мұндай шаралар Ұлыбритания, Норвегия, Оңтүстік Корея және Түркия мектептерінде сынақтан өтіп, жақсы нәтиже көрсеткенін баса айтты.
Үкімет отырысында журналистер Білім министрінен планшеттің бала денсаулығына зияны бар-жоғын сұрады.
"Планшет пен компьютер әлемнің көптеген елдерінде қолданылады, енді бұл әлемдегі ең кең таралған тәжірибелердің бірі деп айта аламыз. Зиянды, зиянды емес, қанша уақыт қолдануға болады деген мәселелер әлі де талқыланады және бәрі ескеріледі", - деп жауап берді министр Асхат Аймағамбетов.
01 қараша 2022 ж. 622 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 146

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031