Қазақстанда дипломдар мен аттестаттар QR-код арқылы беріледі
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отрысындағы баяндамасында білім беру саласын цифрландыру туралы айтты. Сөзінше, аттестаттар мен дипломдар QR-кодпен цифрлық форматта беріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Министр балабақшаға кезек цифрлық форматқа көшірілгенін айтты. Дегенмен кезекке қою бойынша облыстарда 44 ақпараттық жүйе пайдаланылады, яғни әлі де бірізділік жоқ.
“Осы мәселені шешу мақсатында орталықтандырылған балабақшаларға бірыңғай кезек енгізіледі. Бұл балабақшалардағы кезекке тұруды, берілген жолдамаларды бақылауға, орындарды бөлу кезінде тәуекелдерді болдырмауға мүмкіндік береді”, – деді ол.
Бұдан бөлек педагогтің цифрлық портфолиосы еңгізіледі, сәйкесінше оның аттестациясы, жұмысқа қабылдау рәсімі, конкурстарға қатысуы, жетістіктері және барлық ақпараты сол жүйеге жүктеліп электронды форматта өтеді.