Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түбіртекте “тірлік” көп

Түбіртекте “тірлік” көп

Басқасын айтпағанда, Қазалыға індет келгенде көп кәсіпкер абдырап қалды. Азық-түліктен басқа сала бойынша елге қызмет етіп, пайда тауып жүргендердің ертеңгі күні бұлыңғыр еді. Ақырын ес жиғаннан кейін, Үкімет іскерлерді қажеттілікке қарай кәсібін оңтайландыруға кеңес берді де, ірі ғимараттар оқу орталығына, азық-түлік дүкендері болып қайта ашылды. Қазалының өзінде бірнеше мейрамхана бірер айда шайханаға айналып, көп нысан көтерме саудаға бет бұрды. Бүгінде кент орталығында онға жуық шағын супермаркет азық-түлік саудасымен айналысып отыр. Соған сай саудагерлердің айласы артты. Бұрын таразыдан «тартып» қалатындар қазір түбіртекке алмаған затты түртіп жіберетінді шығарған.
Бұрынғыдай баланы азық толы дорбамен базар маңына қойып, дүкен аралап кететін шешейлер қазір жоқтың қасы. Той атқарғысы келсе, жақын-жуықты жиып, өлі әруаққа құран бағыштар болса «Арзан», «Несібелі», «Magnum» сияқты супермаркеттерге жүгіреді. Қағазға тізілген азық-түліктің бәрі бір жерден табылатын болғасын, бағалары нақты көрсетілгесін, саудаласпайды да. Тек есептесуге келгенде алған заттарын ой елегенінен өткізетіні болмаса, қазақ-дарқан түбіртекті де пакет түбіне тастай салады. Қонақ күтетін адамның түбіртек тексеруі екіталай екені бесенеден белгілі. Мұны жете түсініп алған кассашылар айлаға басып, арты ашылғанын талай көрдік.
– Бірер күн бұрын Ақан сері көшесінде орналасқан сауда орталықтарының бірінен біршама зат алдым. Үйге келгесін дастарқан дайындап, мейман күттік. Келесі күні ғана түбіртекке көзім түсіп, бағалар нарығын шолып шығайын деп ойладым. Бірақ мен алмаған үш шұжықты қосып есептеп жібергенін көргенде жағамды ұстадым. Бұрын да сол жерден азық-түлік сатып алып жүргендіктен қашаннан бері алданып жүргенімді ойлап, мән беріп қарамайтыныма қынжылдым. Тура сол күні әлгі дүкеннің иесіне барып, мән-жайды айттым. Ол «мүмкін емеске» басып, камераны тексеретінін, анықталса ақшаны қайтаратынын айтып жұбатты. Алайда оқиғаның болғанына аптадан асса да әлі хабарласпады, – дейді кент тұрғыны Жарқын Жолымбетова.
Сол сияқты сөрелердегі азық бағасының құбылмалылығы жайында да қоғамда сын пікір жеткілікті. Сауда министрлігі тауарды сатып алардағы, яғни дүкен сөресіндегі баға берілген түбіртекке сәйкес келмесе не істеу керектігін айтты. Ведомство мұндай фактілер туралы хабарлардың көбеюін экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы және валюта бағамының ауытқуымен байланыстырды. Бірақ бұл сатушыны жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті.
– Тауардың кассадағы бағасы баға белгісінде көрсетілген құннан аспауы керек. Бұл «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңда белгіленген. Соңғы уақытта азаматтар баға белгісінде көрсетілген тауардың құны кассадағы сатушы берген бағаға сәйкес келмейтін жағдайлар жиілеп кеткеніне шағымдануда. Валюта бағамдарының ауытқуына және тұрақсыз экономикалық жағдайға байланысты құнның жиі өзгеретіні сонша, кейбір дүкен қызметкерлері (ұмытшақтық немесе арам ниет) сауда алаңындағы баға белгілерін өзгертуді ұмытып кетеді», – деп түсіндірді департамент. Бұл сауда саласы қызметкерлерінің жауапкершілігін жеңілдетпейді.
Сауда министрлігі 24-бапқа сәйкес «сатушы (дайындаушы) сатуға міндетті, ал тұтынушы ішкі және (немесе) дүкен сөрелеріндегі көрсетілген баға бойынша тауарды сатып алуға құқылы екенін атап көрсетеді.
Егер алаяқтық анықталса, тұтынушы тауарды әлі сатып алмаған болса, баға белгісімен сатуды талап етуге немесе түбіртек берілгеннен кейін ауыстыруға, яғни айырманы қайтаруға құқылы. Мұндай мәселе туындаған жағдайда құқықбұзушылық фактісін шолулар мен ұсыныстар кітабына жазу, баға белгісін суретке түсіру, тауарды төлеу фактісін растайтын кассалық түбіртекті сақтау, сондай-ақ жазбаша тұтынушы құқықтарының орындалуын талап етуге құқылы.
Шын мәнінде тұтынушыға алмаған заты үшін ақша төлету алаяқтықтан басқа ештеңе емес. Кассашының байқаусыз қателігі деуге келмейтін жайттар көп болғандықтан осы бағытта құзырлы орган өкілдері кәсіп иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізуі қажет-ақ.


Р.ҚАЙРАТҰЛЫ
01 қараша 2022 ж. 353 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930