Қазақстанда жүргізуші куәлігін беру тәртібін күшейту ұсынылды

Депутат жүргізуші куәлігін беру ережелеріне қойылатын талаптарды күшейту қажеттілігі туралы айтып, премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады.
"Елімізде жыл сайын 13 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы орын алады. Екі мыңнан астам адам қаза тауып, 18 мыңнан астамы жарақат алады. Жыл сайын жол-көлік оқиғаларының көбеюі елді алаңдатады", - деді Нұрымова мәжіліс отырысында.
Депутат 2019 жылы теориялық және практикалық емтихандарды өткізу бойынша тіркеу-емтихан бөлімшелерінің функциялары "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына берілгенін атап өтті.
"Қазір 747 оқу орталығы мамандарды даярлауда. Алайда көбісі формальді түрде оқытатыны байқалды. Материалдық-техникалық базасы жоқ, жай ғана куәлік басып шығаратын мектептердің саны артты", – деді ол.
Гүлдара Нұрымова болашақ жүргізушілердің өздігінен оқуына қарсы. Ол куәлік алуға байланысты бірнеше талаптар ұсынды.
“- Алғаш рет жүргізуші куәлігін алатындар үшін онлайн және өздігінен оқуды жою немесе емтихан процесіне қойылатын талаптарды арттыру керек.
- Облыс орталықтарында емтихан тапсыру мүмкіндігін қамтамасыз етуді ескере отырып, арнайы ХҚО-да емтихандарды тапсыру тәртібін қайта қарау қажет.
- Жүргізушілерді даярлаудың мемлекеттік стандарттары мен ережелеріне аудит жүргізіледі.
- Оны жүзеге асыруда өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен кәсіби бірлестіктерді, сондай-ақ "Атамекен" кәсіпкерлер палатасын тарта отырып, автомектептердің бақылауы мен жауапкершілігін қамтамасыз ету тиіс”, – деп түсіндірді депутат.