Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім министрі 15 мамырда ата-аналарды жұмыстан ертерек босатуды сұрады

Білім министрі 15 мамырда ата-аналарды жұмыстан ертерек босатуды сұрады

ҚР Білім және ғылым министрлігі барлық жұмыс берушілерден 15 мамыр күні өтетін оқушылар жиналысына ата-аналарды ертерек босатуды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында аталған ведомствоның басшысы Ерлан Сағадиев 15 мамырда жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтетінін хабарлады.
«Бұл осымен екінші жиналыс. Өздеріңіз білесіздер, орташа есеппен алғанда жиналыстарға ата-аналардың 10-15 пайызы ғана барады. Өткен жылы жалпыұлттық жиналысқа оқушылардың 80 пайызының ата-аналары келді. Яғни бұл жақсы көрсеткіш. Биыл да осындай деңгейде келеді деп жоспарлап отырмыз. Осы орайда министрлік атынан барлық жұмыс берушілерден, оның ішінде меморгандардан 15 мамырда ата-аналарды ертерек босатуды сұраймыз. Ата-аналар уақытылы мектепке келіп, балалары оқып жүрген білім ордасының өмірімен егжей-тегжейлі танысуы керек», - деді Ерлан Сағадиев.
11 мамыр 2018 ж. 1 979 0

Екі облыста жол ашылды

23 наурыз 2026 ж. 104

Наурыз нақыштары

23 наурыз 2026 ж. 92

Төл мереке тойланды

23 наурыз 2026 ж. 106

Наурыз бата

23 наурыз 2026 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031