Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздегі 300 мың шетелдік көлік жеңілдетілген тәртіппен рәсімделуі мүмкін

Еліміздегі 300 мың шетелдік көлік жеңілдетілген тәртіппен рәсімделуі мүмкін

Үкімет отырысынан соң Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 2023 жылдың 1 қырқүйегіне дейін елімізге кіргізілген 300 мың шетелік көлік жеңілдетілген тәртіппен рәсімделуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлады baq.kz.
Министр Мемлекет басшысының тапсырмасының аясында заңға 2 өзгеріс енгізу керегін атап өтті.
Бұл – Салық және Экология кодекстері. Әріптестеріміз заң жобаларын әзірлеп жатыр. Олар дайын болғанда біз құқықтық нормативтік актіні қабылдаймыз. Елімізде 300 мыңнан аса шетелдік көлік бар (Биыл 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға кіргізілген – автор). Заң қабылданғаннан кейін жұмысты (көліктерді жеңілдетілген тәртіппен рәсімдеуді – автор) бастаймыз, - деді ол Үкімет кулуарында.
Марат Ахметжановтың айтуынша, шетелдік көліктерді рәсімдеу келесі жылы басталуы мүмкін.
Салық пен Экология кодекстеріне енгізілетін тиісті өзгерістерді өкілетті министрліктер дайындап жатыр. Президенттің тапсырмасы бар. 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін заң қабылданады деп жоспарланып отыр. Ол қабылданған соң, біз көліктерді қалай заңдастыруға болатыны туралы ережені дайындаймыз, - деді Ахметжанов.
Еске сала кетейік, биыл Президент Қазақстан халқына жолдауында 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға кірген шетелдік көліктерді жеңілдетілген тәртіппен рәсімдеуге тапсырма берген еді. Оларды рәсімдеу құны 200-250 мың теңгеден аспауы керек.


18 қазан 2022 ж. 408 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 118

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 106

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930