Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда енді ерлі-зайыптылар зейнетақы жинағын біріктіре алады

Қазақстанда енді ерлі-зайыптылар зейнетақы жинағын біріктіре алады

Қазақстанда ерлі-зайыпты зейнетақы аннуитетін енгізу жоспарланып отыр. Ол ерлі-зайыптылардың немесе жақын туыстардың зейнетақы жинақтарын біріктіруге және олардың әрқайсысына жеке кесте бойынша өмір бойы төлемдер белгілеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.
"Мысалы ерлі-зайыптылардың, 55 жастағы күйеуі мен әйелінің 11,6 млн теңге және 5 млн теңге мөлшерінде зейнетақы жинағы бар. Бұл ретте күйеуі үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшеріндегі ай сайынғы төлеммен зейнетақы аннуитетінің ең төмен құны 7,4 млн теңгені, әйелі үшін – 9,2 млн теңгені құрайды. Тиісінше, әйелдің жинақ сомасы жеке зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін жеткіліксіз. Жинақты біріктіріп және бірлескен зейнетақы аннуитеті шартын жасай отырып, ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өмір бойына төлем ала алады", – деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, бірлескен зейнетақы аннуитеттерін енгізу азаматтардың жинақ бастамаларын арттыруға және зейнеткерлікке шыққан кезде оларға қосымша жинақтарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
"Дамыған елдерде зейнетақы аннуитеті шарттары зейнетақы жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Скандинавия елдерінде (Дания, Швеция, Норвегия) бірлескен аннуитеттер ерікті өнімдер болып табылады, ал Латын Америкасы елдерінде (Чили, Мексика, Аргентина) бірлескен аннуитеттер міндетті сипатқа ие", – деді Хаджиева.
Айта кетсек, 12 шілдеде Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңына қол қойған еді. Заңдағы өзгерістердің бірі бірлескен (ерлі-зайыпты) зейнетақы аннуитетін енгізу болатын.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зейнетақының ең төменгі мөлшері 53 076 теңгені құрайды. Ал үш жылдан кейін қазақстандықтардың орташа зейнетақысы 138 мың теңгеге дейін өседі деп жоспарланып отыр. 2025 жылға қарай қазақстандықтардың зейнетақысы орта есеппен 27%-ға көтеріледі.
30 қыркүйек 2022 ж. 250 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031