Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда төлқұжат үшін түрлі баж салығы енгізілуі мүмкін

Қазақстанда төлқұжат үшін түрлі баж салығы енгізілуі мүмкін

Қазақстанда төлқұжат беру үшін мемлекеттік баждың сараланған мөлшерлемесін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tеngritravel.kz тілшісі.
Министр Мәжіліс отырысында құжаттағы парақтың (беттің) санына байланысты Қазақстан азаматының паспортын беру үшін мемлекеттік баждың сараланған мөлшерлемелері ұсынылатынын айтты.
"Беттерге байланысты, егер біреу 36 бетті қаласа, ол бір соманы төлейді, егер 24 бет болса - басқа соманы төлейді", - деп түсіндірді Қуантыров Мәжілісте журналистерге.
Сонымен қатар, оның айтуынша, балаларға төлқұжат беру үшін мемлекеттік баж салығын екі есеге төмендету қарастырылған.
Нормалар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодекске (салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексті (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" заң жобаларына енгізілді.
Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда өзгерістерді қолдады.
22 қыркүйек 2022 ж. 408 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 146

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031