Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалылық ардагерлер Жолдауды талқылады

Қазалылық ардагерлер Жолдауды талқылады

Бүгін аудандық ардагерлер үйінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына жолдауы талқыланды.
Жиынды алғы сөзімен ашқан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов Жолдаудың негізгі мазмұнын ашып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі бағыттар мен міндеттерді баяндау үшін аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаевқа сөз берді. Партия филиалының Атқарушы хатшысы Жолдаудағы негізгі басым бағыттарды баяндап, сонымен бірге зейнетақы, зейнеткерлікке шығу тақырыбындағы мәселелерге тоқталып өтті.
Отырыс барысында қатысушылар тарапынан бірқатар мәселелер бойынша ұсыныстар айтылып, пікірлерімен бөлісті.
Жиынды қорытындылаған ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов аға буын ардагерлер қоғам мен мемлекет алдында тұрған міндеттерді ақылмен, сабырмен атқаруда бірлесе жұмыстар жүргізуге қашан да дайын екендігін атап өтті.
Айта кетейік, іс- шараға арнайы облыстық мәслихат депутаты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Ибайдулла Тілеп, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері және аудан ардагерлері қатысты.
#AMANAT
14 қыркүйек 2022 ж. 233 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031