Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел қорғаны – Мойнақ би

Ел қорғаны – Мойнақ би

«Өткенсіз болашақ жоқ» дейді дана қазақ. Тарих – тұнған шежіре. Бұдан бірнеше жылдар бұрын өмір сүріп, ел-халқының қорғаны бола білген қайсар ата-бабалардың ерлігін ұлықтау ұрпаққа парыз.
Егемендік алып, еңсесін тіктей бастаған еліміз бүгінде бабалар аманатына адалдық танытып, өшкенін қайта жаңғыртып, қатпарлы қалың тарихымызды жаңаша сипатта зерттеп-зерделеуге ден қоя бастады. Осы орайда, Бекарыстан би ауылындағы «Боташ болыс» қорымының жанынан Батыр бабаның рухын ұлықтау мақсатында ұрпақтарының ұйытқы болуымен Асан аталығынан тарайтын Қожамберлі баласы Мойнақ би, батыр бабаның рухына арналған ескерткіш кесене ашылды.
Шараның шымылдығы Мойнақ би, батырдың өмір жолы, ұрпақтары хақында толғаумен басталды. «Өмір көші өтті, кетті бір елес» атты дастанынан үзіндінің авторы Мойнақ баба ұрпағы Орақ Зейнулла. Оны Мойнақ баба ұрпағы Жәмет жырау немересі Серік Жәметов нақышына келтіре орындады. Өнегеге толы өсиетті тыңдарман ерекше әсермен қабыл алды. Толғауда айтылған тағылымды сөздердің мәніне терең бойлап, өмірлік сабақ алуға тырысты.
Содан соң Бекарыстан би ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздары бұдан 400 жыл бұрынғы яғни ХVIII ғасырда болған Мойнақ бидің өмірдерегінен қойылым ұсынды.
Шежірешілердің айтуы бойынша «Ақтабан шұбырынды ала көл сұлама» кезеңінде 1736 жылдары билердің шешімі бойынша Жоңғар-Қалмақтарымен Хиуалықтардың шабуылдарын ескерген әр тайпа өздеріне уақытша хан сайлап алады. Сонда бүкіл Жаманаққа хан болып Жолшара-Ашабай батыр бекиді.
Сол кездері көші-қонның қиыншылығына жәнеде жан-жақтан жаулардың шабуылына байланысты Ашабай төрт рудан Асаннан – Мойнақ би батырды, Палуаннан – Шықыманды, Жиенейден- Сәркені, Құттықтан-Кейкі байды (Жанқожа батырдың атасы) өзіне көмекші етіп тағайындайды. Жоғарыда аталғандардың үстінен қарайтын аузы дуалы, сөзге шешен, батыр, кемеңгер әскери қолбасшы Қожамберлі ұлы Мойнақ би болған. Осы бір деректің төңірегінде пролог (қойылым) жазған Мойнақ баба ұрпағы Ораз Зейнуллин. Ал режиссері, ауылдық мәдениет үйінің директоры Бектұрған Жібекәлі.
– «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз» деп атам қазақ бекер айтпаған. Біз ата тарихын саралап, тарих қойнауын аралап, ұлыларымызды даралаудамыз. Ондағы мақсат – ұлыларды зерттеп, олардың мол мұрасын кейінгі ұрпаққа аманат ету, – дей келе аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеуімбетов құттықтау сөз сөйлеп, аудан әкімінің «Алғыс» хатын кесене құрылысының бітуіне атсалысқан азаматтарға табыс етті. Атап айтар болсақ, Абай Жәметұлы, Базарбай Нағыманұлы, Рзаш Кенжебайұлы, Бүркітбай Тағыбергенұлы, Ерболат Шәриұлы, Берік Байғалиұлы, Рашид Жақсылықұлы, Мейірман Панарбайұлы құрметке бөленді. Сонымен қатар ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қазалы ауданының құрметті азаматы Болат Садуов, Мойнақ бабаның ұрпағы, қоғам қайраткері, құрметті заңгер Мұқиядин Жақыпов құттықтау сөз сөйлеп, алғыс білдірді.
Бұдан әрі Мойнақ баба ұрпағының шежіресі, тарихи деректер және естелік суреттер енгізілген кітаптың тұсаукесері өткізілді. Кітап туралы қысқаша мәліметті, баба ұрпағы Серік Есентаев баяндады. Бұл кітаптың демеушісі Базарбай Нағыманов.
Өткенін мақтан тұтып, бүгінді нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табыс­ты болуының кепілі дегеніміз осы. Мойнақ бабамыздың ескерткіш кесенесінің ашылуы салтанатты түрде өткізіліп, арнайы Қожамберлінің 5 баласына, «Боташ болыс» қорымында жерленген марқұмдар рухына арнайы құран хатым жасалынды. Арнайы қонақ ретінде келген Орынбет ишан мешітінің имамы, Ғабдулла қажы Іниятов құран хатым жасады.
Тілектес болып келген ағайынға арнайы жайылған ақ шатырлармен киіз үйлерде ас берілді. Мойнақ би, батырдың ұрпақтары, ұйымдастыру алқасы спорттық жарыстар өткізді. Атап айтар болсақ, қой көтеру, батпан көтеру сынды жарыстар ұйымдастырылды. Жарыс қорытындысымен қой көтеру сынында Рамазан Шамаранұлы жеңімпаз атанса, батпан көтеруде Руслан Нұрталапұлы 1 орын, 2 орынды Мейрамбек Абылайұлы, 3 орынды Рамазан Садуақас жеңіп алып, ақшалай сыйлыққа ие болды.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
30 тамыз 2022 ж. 931 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930