Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы екі жылда мұнай бағасы қалай өзгеруі мүмкін

Алдағы екі жылда мұнай бағасы қалай өзгеруі мүмкін

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов мұнай бағасының келешгі туралы болжамын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бағаны болжау ең бір баянсыз шаруа шығар. Оны өздеріңіз білесіздер. Бірақ обьективті түрде кейінгі жылдары болған оқиғаларды ескеріп көруге болады. Бағаның құлдырап түскенін де көрдік. Пандемия кезінде байланыстар бұзылып, артығымен өндіру тіркелген еді. Ұсыныс сұраныстан асып кеткендіктен баға да құлдырап кетті», -деп еске алды ол.

Айтуынша, қазір сол кездегі төмен тұтыну межесінен біртіндеп шығу байқалып отыр.
«Әлемде болып жатқан кейбір жағдайларға байланысты да мұнай тұтыну артып келеді. Баға бір барреліне 100 доллардан қалыптасып отыр. Бұл мұнай өндірушілер үшін жайлы баға. Алдағы 1-2 жылда мұнай бағасы барреліне 100 доллардың айналасында болатын шығар деп топшылаймыз. Бұл менің қазіргі жағдайға қарап шығарып отырған жеке пайымым», – деді министр.

Сондай-ақ, Болат Ақшолақов Қазақстанадағы екі жылда мұнай өндірісінің көлемін 85,7 млн тоннадан 103-107 тоннаға дейін көтеретінін мәлім етті. Осылайша қазіргі логистикалық қуаттан артылған көлемді Әзербайжан арқылы экспорттауды жоспарлауда.
25 тамыз 2022 ж. 601 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 120

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 128

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930