Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Министр қазақстандық көліктер үшін дизель отынының бағасы қанша болғанын айтты

Министр қазақстандық көліктер үшін дизель отынының бағасы қанша болғанын айтты

Жыл сайын күзде дизель отынын тұтынатындар саны өсе түседіҚазақстандық көліктерге арналған дизель отынының литрі 230-260 теңгеден сатылып жатыр. Бұл туралы онлайн брифинг барысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлім етті, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
«Жыл сайын күзде дизельдік отынды тұтыну өсе түседі, бұл бірінші кезекте Қазақстанның оңтүстік шекарасынан жүк тасымалдайтын транзиттік вагондар санының артуына байланысты. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің күзгі дала жұмыстарына дизель отынын тұтынуы да артып келеді. Біз транзиттік вагондардың қазақстандық арзан дизель отынын тұтыну көлемін азайту мақсатында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп 22 тамызда бұйрық қабылдадық. Соған сәйкес дизель отынының шекті бағасы 450 теңге болды. Бұл ретте жүргізуші куәлігі мен қазақстандық үлгідегі тіркеу куәлігін көрсеткеннен кейін жүргізуші аймаққа байланысты литріне 230-260 теңге көлемінде жанармай құюға құқылы», - деді Б.Ақшолақов.
Министрдің айтуынша, жеке тұлғалар, яғни жеке көліктер үшін литрі 240-260 теңге бағасында жанармай құю лимиті тәулігіне 100 литр, жүк тасымалы үшін күніне 300 литр болмақ.
Ведомство басшысы қазіргі уақытта түрлі айла-шарғылардың алдын алу мақсатында тұтынушыларды тіркеу және дизельдік отынды беру үшін тексеру модулін құру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Бұл модульді барлық жанар-жағар май құю станциялары желісі үшін қыркүйек айының ортасында іске қосу жоспарланып отыр.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қамтамасыз ету үшін күзгі дала жұмыстарына 400 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінген.
25 тамыз 2022 ж. 415 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930