Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде 300 мыңнан астам оқушыға көмек ретінде қаржы берілді

Елімізде 300 мыңнан астам оқушыға көмек ретінде қаржы берілді

«Жалпыға міндетті білім беру» қоры аясында 300 мыңнан астам оқушы қаржы алды. Қаржылай көмек 475 мың балаға көрсетіледі. Оқу-ағарту министрі білім басқармаларының басшыларымен кездесуде төлемдерді 23 тамызға (қоса алғанда) дейін аяқтау туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылдан бастап Оқу-ағарту министрлігі қаржылай көмек көрсету ережелеріне өзгерістер енгізді. Егер бұрын өңірлерде бөлінген сома 17 мыңнан 40 мыңға дейін болса, биыл бұл сома ұлғайтылып, кемінде 37 389 теңгені құрайды.

Көмек беру тетігіне де өзгерістер енгізілді. Енді ата-аналарға қаржы балаларымен бірге мектеп формасын, аяқ киімін, кеңсе тауарларын және т.б. өз бетінше таңдай алуы үшін банктегі шотына аударылады. Бұған дейін мұның барлығын әкімдіктер сатып алатын және тауардың өлшеміне, сапасына, т.б. қатысты мәселелер туындайтын.

«Енді ата-аналар өздерінің банктегі шотына ақшаны тікелей алып, балаларына мектеп формасын, кеңсе тауарларын және аяқ киімін өз бетінше таңдай алады. Мұның артықшылығы - бала ата-анасымен бірге таңдаған киіммен мектепке бара алуында. Бұған дейін сатып алумен әкімдіктердің қызметкерлері айналысатын. Кейде киімнің өлшеміне, сапасына қатысты проблемалар туындайтын. Қазір әкімдіктер қаражат аударуды аяқтап жатыр. 37 389 теңге – ең төменгі сома. Жергілікті атқарушы органдар көрсетілген көмек көлемін көбейте алады, бірақ оны азайтуға құқығы жоқ. Кейбір әкімдіктер бұл сомадан артық қаржы бөліп жатыр, мысалы, Алматы 43 мың теңгеден. Біз мұны тек құп көреміз», - деді Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев.
«Жалпыға міндетті білім беру» қорынан атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына, сондай-ақ АӘК алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балаларына, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайға тап болған оқушылар және т.б. көмек көрсетілетінін еске сала кетейік.
22 тамыз 2022 ж. 446 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930