Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Маусымдық аллергия кезінде неден сақтану керек

Маусымдық аллергия кезінде неден сақтану керек

Маусымдық аллергиялық ринит және астма ең көп таралған аурулардың бірі. Олар халықтың шамамен 25-35%-ында кездеседі, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.
Аллергиялық ринит пен астма белгілі бір өсімдіктер гүлдеген немесе тозаңданған кезде өрши түседі.
Сәуір - мамыр айының соңында қандыағаш, қайың, терек, емен гүлдейді.
Маусым мен шілде айының ортасына дейін дәнді шөптердің гүлдейді: көгалдар мен шалғынды шөптер, қара бидай, бидай және т. б.
Шілдеден қазан айының басына дейін жусан, амброзия, қалақай және басқа да шөптердің гүлдейтін уақыты.

Сондай-ақ, ринит белгілері әртүрлі спецификалық емес факторлардың әсерінен пайда болып, күшеюі мүмкін. Мысалы, ағзаның бірнеше өсімдік тозаңына сезімталдығының жоғарылауы, ЖРВИ-ге байланысты аурудың өршуі.

Аурудың орташа ауырлығымен әдетте ұйқы бұзылады. Ринит белгілері адамға жұмыста, оқу кезінде немесе спортпен шұғылдану кезінде өз міндеттерін толық орындауға кедергі келтіреді. Аллергиялық риниттің ауыр ағымында өмір сапасы едәуір нашарлайды, яғни жоғарыда аталған белгілер күнделікті белсенділікке айтарлықтай әсер етеді. Аурудың неғұрлым ауыр түрінде науқас жөтеліп, тыныс алуы қиындауы мүмкін.

Аурудың ауырлауының қауіп факторлары: химиялық заттарды қолдану, тұқым қуалайтын бейімділік, пациенттің темекі шегуі, жүктілік кезінде ананың пассивті темекі шегуі және темекі шегуі, табиғи емес өнімдерді пайдалану, кәсіби зияндылық - құрылыс шаңы, автомобильдердің пайдаланылған газдары және т. б.

Алдын алу шаралары
Бөлмеде және автомобильде терезелер мен есіктерді жабық ұстаңыз, ауаны желдету құрылғыларын қолданыңыз, сыртта болу уақытын шектеңіз немесе маска мен көзілдіріктерді қолданыңыз.
Жаяу жүргеннен кейін мұрын мен көздің гигиенасын жүргізген жөн. Мүмкін болса, денеден тозаңды кетіру үшін душ қабылдаңыз.
Гипоаллергенді диетаны ұстану маңызды, оған цитрус, өрік, шабдалы, киви, ананас, қауын, жаңғақтар, балдыркөк, қызыл бұрыш, кориандр қабылдауды айтарлықтай шектеу кіреді.

Сондай-ақ ерте сезімталдыққа ықпал ететін фактор ретінде темекі шегуден бас тартуға, дәрілік заттарды дәрігердің ұсынысы бойынша ғана қабылдауға кеңес береміз; тітіркендіргіш заттарды (кір жуғыш ұнтақтар, күшті жуғыш заттар, еріткіштер, бензиндер, желімдер, лактар, бояулар, жиһаз, еден, кілем және т.б. тазалау үшін әртүрлі заттарды) пайдаланбауға кеңес береміз.

Жүннен және синтетикалық материалдардан жасалған киімнен көрі, мақта маталарынан жасалған киім киген жөн.
Тозаңмен жанасуды күшейтетін фактор ретінде көшеде қарқынды физикалық белсенділіктен аулақ болған жөн.

Емдеу
Дәрі-дәрмек терапиясын жалпы тәжірибелік дәрігер, терапевт немесе педиатр тағайындай алады. Осы аурулардың диагностикасы пациентті одан әрі жүргізу тактикасы туралы мәселені шешу үшін өршу болмаған кезеңде (қараша-ақпан) жүргізіледі.
15 тамыз 2022 ж. 319 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031