Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мінсіз қызмет білікті маманнан

Мінсіз қызмет білікті маманнан

Он жылға жуық уақыт халыққа қызмет көрсетіп, ыстық ықыласына бөленіп жүрген ұжымның бірі – «Азиза-Дента» стоматологиясы. Алғашында шағын кабинет болып ашылды. Кейін жалдамалы кабинетте жұмыс жасады. 2017 жылы «Азиза-Дента» стоматологиясы көпсалалы стоматологиялық клиника болып ашылды. Бұл ұжым үшін үлкен жетістік болды. Бұл ретте клиника директоры Қонысбай Сағидоллаевтың еңбегі ерен. Оның төккен маңдай тері мен қажырлы қайраты осындай ауқымды клиниканың Қазалы ауданында бой көтеруіне себепші болды.
Бұнда екі дәрігер-стоматолог, бір тіс дәрігері, екі мейірбике, екі тіс технигі, бір кіші мейірбике қызмет атқарады. Клиника директоры Қонысбай Кеңесұлы тіс ортопеді. Ол жасанды тіс, протез, керамика, церкони салумен айналысады. Әзиза Сағидоллаева терапиялық тіс емдеу, хирургиялық тіс жұлу қызметін көрсетеді. Ләззат Жәдігер тіс емдесе, Олжас Сейітмағанбет балалар тіс дәрігері. Мейіркештер Ақжібек Темірболат пен Салтанат Сармен, кіші мейірбике Айткүл барлық стоматологиялық құрал-жабдықтардың залалсыздандырылуына, іштің тазалығына жауап береді. Ал тіс техниктері Берекет Қосыбаев пен Нұрболат Өтеген ауыз қуысында жұлынған бос орындарды қалпына келтіру үшін жасанды тіс коронкаларын, протездің барлық түрлерін жасайды.
«Азиза-Дента» стоматологиясында 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, Алтын алқа, күміс алқа иелеріне, І, ІІ, ІІІ-топтағы мүгедектерге тегін қызмет көрсетеді. Клиника толықтай заманауи аппараттармен жабдықталған. Емдеу-жұлу барысында ауыртпалықты болдырмайтын дәрілер, пломба түрлері, тағы басқа стоматологиялық материалдар шетелдерден алынады. Бұнда ересектер мен балаларды қосқанда күніне 30-40 шақты пациент келеді. Олардың ішінде 10-ы кеңес алуға келсе, қалғаны емдеуге, жұлуға немесе тіс салдыру қызметтеріне жүгінеді. Клиника таңертең 9:00-ден кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істейді.
Білікті мамандардан құралған ұжымның басым көпшілігі жастар. Солардың бірі – Әзиза Сағидоллаева. Ол Әйтеке би кентінде дүниеге келген. №70 орта мектепте білім алды.
2010-2016 жылдары М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің стоматология факультетін тәмамдаған. Қазіргі таңда осы салада еңбек етуде. Алғыр, ізденімпаз жас білімін жетілдіріп, біліктілігін арттыруда үнемі семинарларға қатысады. Қолы шипалы Әзиза халықтың ризашылығынан бөлек, басшылық тараптың бірнеше рет арнайы «Алғыс» хаттарын иеленді.
Әрбір келушінің шағымын байыппен тыңдап, тыңғылықты қызмет көрсететін Әзизаның бала күнгі арманы әсте басқа сала болыпты.
– Мен негізі бала күнімде дәрігер емес, экономист мамандығын таңдағым келді. Алайда ата-анамның әр сала жайында түсіндірмесінің арқасында, стоматология мамандығына деген махаббатым оянды. Сөйтіп, стоматолог болам деген шешімге келдім. Осылайша аталған салаға келуіме ата-анам себепші болды. Ойлана келе, бұл мамандыққа деген қызығушылығым арта түсті. Алдағы уақытта жаңа инновациялық технологияларды меңгеріп, іс-тәжірибемді дамытуға күш саламын, – дейді Әзиза Қонысбайқызы.
Тіс дәрігері Әзиза кез келген адам баласы тіс күтіміне аса қатты мән беруі тиіс дейді. Өйткені қандай тамақ болсын тіспен шайнап жейді. Тісі жоқ адамның сөзі дұрыс болмайды. Тіс адамның бет әлпетінің сұлулығын қамтамасыз етеді. Тісі түсіп қалу, тісті ауыз қуысының гигиенасын сақтамағандықтан болады. Сондықтан да тіс пен ауыз қуысын ерекше күтімге алған жөн. Бұл орайда тіс дәрігері мынадай кеңестерімен бөлісті.
– Белгілі бір дағды бойынша тіс ысқышты пайдаланып, тісті үнемі тазартып отырған жөн. Тіс щеткасының пайдалануға қолайлы болғаны дұрыс. Синтетикалық материалдардан жасалған щеткаларды 3-4 айда ауыстырып отыру керек. Қызыл иекті де қолмен ысқылап, ерінбей массажды үнемі жасап отырған дұрыс. Тісті төменнен жоғары немесе керісінше тазалаған жөн. Тіс тазалау мерзімі 3-4 минуттан аспауы тиіс. Тіс тәулігіне екі рет тазартылуы тиіс (таңертең және ұйықтар алдында). Ауыздан жағымсыз иістер шығып тұруы мүмкін. Оны кетіру үшін марганцовканың оның әлсіз ерітіндісімен шайған жақсы нәтиже береді. Тіс щеткаларын сабындап, таза сумен мұқият түрде жуып, спиртпен дезинфекциялау маңызды.
Тіс пасталары және ұнтақтары құрамына гигиеналық, сондай-ақ арнайы, қосымша бөлек биологиялық – физиологиялық белсенді заттар енгізіледі (тұздар – фермениттер – биологиялық катализаторлар, микроэлементтер – Mn, Cu, Fe, Co, Zi, Ti және фтор, кальций – хлорофилл – жасыл пигмент, өсімдік жапырақтарынан өндіріледі). Олар тіс тканьдеріне, қызыл иекке, кілегейлі қабыққа және ауыз қуысына жағымды терапиялық әсер етуге есептелген ем - домдық – профилактикалық көптеген тіс пасталары шығарылады. Бастысы таңдай білу, – дейді Әзиза Қонысбайқызы.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

13 тамыз 2022 ж. 685 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031