Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шаттыққа кенелген Шәкен

Шаттыққа кенелген Шәкен

Шілде айынан бастау алып, «Жастар керуені» деген атаумен жолға шыққан жобаның көші жуырда Шәкен ауылдық округіне аялдады. Ондағы мақсат – қаладан біршама шақырым шалғайда жатқан ауыл тұрғындарымен кездесіп, жергілікті жастардың үніне құлақ асып, оларға көңіл бөлу.
Аталмыш жоба аясында ауыл жұртшылығына, «Neet» санатындағы жастарға сала мамандары, атап айтар болсақ, Жастар ресурстық орталығы, Қазалы аудандық жұмыспен қамту орталығы, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлері мен Атамекен кәсіпкерлер палатасының өкілі мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарға жауап берді.
Сондай-ақ, халықтың күнделiктi тiршiлiгiнде шешiмiн таппай жүрген түрлi мәселелеріне, олардың шешiлуiне мүмкiндiгiнше ықпал ету мақсатында Қазалы аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов ауыл тұрғындарына жеке қабылдау өткізді. Дәурен Оңғарбайұлы қабылдау барысында тұрғындардан келіп түскен әлеуметтік көмек көрсету мәселелері жөніндегі жекелеген сұрақтарға заң аясында түсінік беріп,азаматтардың ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдады.
Одан соң, ат басын ауылға түзеген жобаның жалғасы концерттік бағдарламаға ұласып, мұндағы жұртшылық мерекелік көңіл күйге бөленді. Шара соңында жастармен ерекше форматтағы кездесу өтті. Кешкі алау маңына жиналған көпшілік қоғамдағы маңызды, әрі өзекті тақырыптарды ортаға салды. Жастар көкейдегі ой-пікірін, ұсынысын жеткізуге мүмкіндік алды.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Дәурен Оңғарбайұлы, Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Қайрат Әбубәкірұлы, Қазалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Әбенұлы және аудандық Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығының директоры Ғани Дармағамбет қатысты.
Бұрын-соңды болмаған бірегей жоба алдағы уақытта өз жалғасын тауып, бұқара мен пен билік арасындағы кедергісіз көпірге айналады деп бек сенеміз.
Арайлым ЖҮСІПОВА
06 тамыз 2022 ж. 546 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930