Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ауылға – birge» жобасы жүзеге асырылды

«Ауылға – birge» жобасы жүзеге асырылды

Қазалы ауданында ауыл тұрғындарын әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруды көздейтін «Ауылға – Birge» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылды.
«Шапағат» мүгедек балаларды сауықтандыру орталығы биылғы жылы «Демеу» қорының қаржылай қолдауымен аталған жобаны ұтып, Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып жүзеге асырды.
Жобаның мақсаты – аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдарға мемлекеттік қызметшілерден құрылған жұмысшы топпен ауыл тұрғындарына кешенді көмек көрсету, мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат беру, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру.
Ауданда жобаны жүзеге асыруға мемлекеттік қызметкерлерден құрылған арнайы жұмысшы топ бекітілген. Оған «Nur Otan» Қазалы аудандық филиалы, аудандық білім бөлімі, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, Жұмыспен қамту орталығы, Жастар ресустық орталығының заңгері Алихан Есмамбет, ауданаралық аурухана және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының өкілдері қатысты.
Жоба аясында жұмысшы топ 10 елді мекенді, атап айтқанда Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Ү.Түктібаев, Жанкент, Бірлік, Қожабақы, Бозкөл, Кәукейді аралап, іс-шара өткізді.
Түрлі мәселелермен 400-ден астам тұрғын жеке қабылдауға келіп, тиісті сала бойынша мамандардан кеңес алды. Оған 600-ден астам тұрғын қатысты. Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан көтерілген сұрақтарға мемлекеттік қызметкерлер тарапынан жауап алынып, түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Сонымен қатар жоба барысында аудан кәсіпкерлерімен бірлесе отырып, 10 ауылдық округтен әлеуметтік тұрмысы төмен бір отбасына қайырымдылық көмек көрсету мақсатында жоспар құрылды. Одан бөлек, мұқтаж жандарға ресурстық орталық жанынан ашылған «Рахмет» дүкенінің киім-кешектері таратылды.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
16 қараша 2021 ж. 220 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 129

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930