Қазалыда медиация саласы дамып келеді
Бұл туралы бүгін аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағановтың төрағалығымен өткен семинар-кеңесте айтылды. Биыл Қазалы ауданы бойынша 99 кәсіпқой емес медиаторлар жасақталды. Қазір олар аудандық соттағы медиаторлар кабинетінде жұмыс істеп, тиісті сот процестеріне қатысуда.
Семинар-кеңесте аудандық сот төрағасы Дидар Мұратбекұлы қазіргі қоғамдағы медиация рөлінің маңыздылығы туралы баяндады.
Семинар соңында медиация саласында белсенді қызмет көрсетіп, өз үлестерін қосып жүрген кәсіпқой емес медиаторлар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.