Өмірлік маңызды дағдылар семинар-тренингі өтті
Қазалы ауданы жастарына «Өмірлік маңызды дағдылар» семинар-тренингі өткізілді. Тренингке көшбасшы жастар, ҮЕҰ өкілдері мен кент және ауылдық округтердің жастар ісі жөніндегі мамандары қатысты.
Тренингтің басты мақсаты: жоба жазатын ынталы және бастамашыл топтардың ортасын қалыптастыру.
Тақырыптық тренингтер барлық 7 аудан бойынша өткізіледі. Аудандардың белсенді қауымдастық мүшелерінің арасында жоба жазушылардың пулы қалыптасады.
«Өмірлік маңызды дағдылар» курсы 7 модулді семинар-тренингтен тұрады:
Командадағы ынтымақтастық
Сыни ойлау
Креативты ойлау
Шешімдер қабылдау
Мақсат қою
Уақытты басқару
Қажеттіліктерді анықтау және командаларды қалыптастыру
Мақсатты топ өкілдері оқыту бағдарламасына қатысу арқылы қоғамның белсенді топтарымен тәжірибе алмасады, біліктілігін арттырып, қабілеттері мен дағдыларын дамытуға мүмкіндік алады.
«Жыл сайын волонтерлік бастамаларды қолдау мақсатында министрлік тарапынан шағын гранттар байқаулары өткізіледі. Біз белсенді қауымдастықтарды байқауға қатыстыруға ықпал жасауға тиіспіз. Көбіне ауылдық жерлерде жүзеге асырылатын жобаларға басымдылық беріледі.», - деді «Ой бренд» қоғамдық қорының Президенті Сабыржан Бахытжанұлы.
«Бастамашыл топтарға түрлі бағытта кеңес беруді тоқтаусыз жүзеге асыруға тиіспіз. Қазіргі қоғам үздіксіз дамуды талап етеді. Берілген мүмкіндіктерді оңтайлы пайдалану арқылы ауылдық жерлердегі азаматтық бастамаларға қолдау білдіре аламыз.», - деді Qosyl командасының мүшесі, тренер Нұрасыл Жасұланұлы.
Аталмыш жоба, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ-нің «Қазақстанда БҰҰ тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға азаматтық қоғам интситуттарын тарту» жобасының шағын гранты аясында іске асырылуда.