Алдағы күндері ауа райы қандай болады

«Қазақстан аумағы арқылы ауа райын екпінді өзгерте отырып, үлкен жылдамдықпен циклондар және антициклондар жылжып келеді. Алдағы тәуліктерде республиканың басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын шашын уақытша болмайды деп болжанған. Қазақстанның батысына қарай кезекті атмосфералық фронттар жақындауына, олардың шығысқа қарай жылжуына байланысты, республиканың солтүстік жартысында жауын-шашын болып, жел күшейеді», - деп жазылған «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Еске сала кетейік, алдағы күндері Шығыс Қазақстан облысында дабылды ескерту жарияланды.