Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кеңесі шипалы дәрігер

Кеңесі шипалы дәрігер

Қазалы теміржол ауруханасына қарасты учаске бойынша 21500 халық тіркеуде бар. Соның 2000 халқына Гүлзат Есетбайқызы қарамағындағы Бақытгүл Тоқмырзаева мен Айгүл Көшер атты медбикелерімен бірлесе қызмет көрсетеді. Қарағанды медицина университетінде білікті ұстаздардан тәлім алған ол 7 жылда талай науқасқа көмек қолын созып келеді. Жауапты жастың алдына келіп, кеңес алатын талай науқас риясыз ризашылығын жеткізуден жалықпайды.
– Біздің учаскелік дәрігеріміз өте білімді әрі жұмысына тиянақты. Сонысымен тұрғындар арасында жоғары бағаланады. Қай кезде хабарлассаң да, қабақ шытпай, бар кеңесін береді. Ем-домын жазады. Қажетті жолдаманы лезде дайындауға әзір тұрады. Сонысымен халыққа сыйлы. Сол себепті де оның кәсібіне әрдайым береке тілейміз, – дейді Кәмшат Жабағиева.
Гүлзат Сейтнесипова №1 терапиялык аймақ бойынша күніге 25 адамды қабылдайды. Кейбір кезде бұл көрсеткіш 30 адамға дейін жетеді. Аймақтық терапевт ретінде Гүлзатқа қойылатын негізгі лауазымдық талаптар халықтың денсаулығын сақтау жөнiндегi заңдардың, денсаулық сақтауды ұйымдастырудың негіздерін, неғұрлым кең тараған ауруларға профилактика жасауды, диагноз қоюды, емдеудi және пациенттердi оңалтуды жүргізу міндеттелген.
– Міндетті диспансеризация бойынша әр ауру жыл сайын медициналық тексеруден өтеді. Оларға лабораториялық-инструментальды зерттеулер жүргізіледі. Сала мамандарынан консультация алады.
Профилактикалык шараларда аурудың алдын алу бағытында жыл сайын медициналық тексерулер тағайындаймыз. Жасына сай скринингтен өтеді, жасөспірімдердің жылдық және туар жасындагы әйелдерді карау жұмыстары өтеді, – дейді дәрігер.
Оның мәлімдеуінше, 615 науқас артериалды гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы жүрек-қантамыр жүйесі және қант диабеті бойынша тіркелген. Бұдан басқа тыныс алу жолдарының аурулары, бронх демікпесі, созылмалы бронхобструктивті, тері мен зәр шығару жүйесінің дерттері де бар. Созылмалы пиклонефрит, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі Б аурулары, ревматоидты полиартрит, артроз-артриттер, онкологиялык аурулар бойынша да ем алатындар бар. Тіпті кейбір емделушілерге үйіне барып денсаулығын қадағалап тұрады.
Осындай өз ісінің маманы тұрғындардың денсаулығын түзетуде сүбелі үлес қосуда. Содан да болар қазалылықтар оған ақ батасын беруге құштар. Ақхалаты талдырмаш денесіне жарасып тұрған Гүлзаттың еңбегі алдағы уақытта да жемісті болары сөзсіз.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
19 шілде 2022 ж. 615 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031