Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындар тілегі ескерілмек

Тұрғындар тілегі ескерілмек

Дүйсенбіде Әйтеке би кентіндегі С.Сейфуллин көшесінің тұрғындарымен аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап кездесті. Аудан орталығындағы С.Сейфуллин мен Ғ.Мұратбаев көшелерінің қиылысында өткен кездесуде тұрғындар қордаланған мәселелерін жіктеп шықты. Оның шешілу жолдарымен бөлісіп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Тұрғындардың көтеріп отырған негізгі мәселенің бірі – С.Сейфуллин көшесінің батыс беткейіндегі бөлігін асфальттау.
Сондай-ақ көшенің аяқ жағында бос жатқан жерлер күл-қоқыс тастайтын орынға айналып кеткеніне қынжылатындықтарын білдірді.
Әңгіме барысында аудан басшысы Мұхтар Әуесұлы айтылған ойларға қатысты тиісті сала басшыларына ұсыныс дайындауды тапсырды. С.Сейфуллин көшесінің қалған бөлігін асфальттау үшін қанша қаржы қажет екендігін және оны қаржыландыру көздері қарастырылатындығын айтты.
Мұнан соң қоқыс тастайтын орынды бағамдап, Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары Ардақ Жанұзаққа тазалық жұмыстарын жүргізуді нықтады.

Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
28 маусым 2022 ж. 219 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031