Көптің келешектен күтері көп

- "Елу жылда ел жаңа» демекші барлығы уақыт өте келе өзгеруге жаңаруға тиіс. Халық - мемлекеттің ең басты қазынасы. Сондықтан, көркейген, өркендеген ел болу үшін әрқашан онда өмір сүріп жатқан әрбір адамның жағдайы жақсы,
тұрмыс деңгейі мен әлеуметтік ахуалының жоғары болуы аса маңызды. Мен Тәуелсіз Қазақстанның еркін азаматы ретінде өз таңдауымды жасауға келдім. Келешектен күтерім көп.
Елде тек тыныштық болсын. Ұрпағымыздың қызығын көріп, бейбіт елде өмір сүре берейік, - деп тілегін жеткізді қария.
