Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжіліс депутаттары референдумды насихаттау мақсатында Қазалы ауданында

Мәжіліс депутаттары референдумды насихаттау мақсатында Қазалы ауданында

ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу аясында республикалық референдум өткізуді ұсынды. Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту - халықтың еркін ойын білдіруінің айқын көрінісі. Осы тұста референдум - қоғам арасында қызу талқыланып, қолдау тауып отыр.
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы республикалық штабының мүшелері Бақытбек Смағұл және Геннадий Шиповских референдумның және конституциялық реформалардың мән-маңызын қолдау және халықты ақпараттандыру мақсатында ауданымызға іссапармен келді.
Мәжіліс депутаттары алғашқы кездесулерін аудан орталығынан шалғай орналасқан Сарыкөл ауылдық округі, Жұбан елді мекенінен бастап, елді мекен тұрғындарына және денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне Ата Заңда орын алатын өзгерістер жайында және референдумда қаралатын мәселелерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Алдағы өткізілетін референдум еліміздің алдағы болашағын айқындайтын нақты қадам. Саяси науқанда Ата заңымыздың 99 бабының 33-і не өзгеріс енгізілетін болады. Осынау тарихи таңдауда бірлігіміз бекем болып, ешкім шет қалмайтынына сенімдімін» - деді Б.Смағұл.
Сондай-ақ, жиында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін айтып, тиісінше халық қалаулылары өз деңгейлерінде тиісті орындарға жеткізіп, шешілу жолдарын қарастыратындығын айтты.
#ReferendumAmanat
18 мамыр 2022 ж. 641 0

Ісін сүйген, ұтылмайды

05 сәуір 2025 ж. 124

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930